Жаңалықтар

Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша Департаментінде кадр резерві жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

26/04/2024

2024 жылғы 25 сәуірде Департаменттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың әкімшілері және олардың орынбасарлары лауазымдарына кадр резервіне алу бойынша кезекті комиссияның отырысы өтті.

Конкурсқа Астана қаласы соттарының 6 қызметкері қатысты.

Қорытынды нәтиже бойынша резервші мамандардың белгілі бір біліктілік талаптарына сай келулеріне байланысты, 5 маман кадр резервіне алынды (А.Есім, Ж.Ахметова, Л.Асқарова, О.Әбдікерім, А.Тыныбекова).

Автокөліктерді заңсыз ресімдеушілер ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағандары үшін сотталды

26/04/2024

2024 жылдың 25 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық жасағаны (ҚК-нің 262-бабы 2,3-бөліктері), сондай-ақ, алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiргені (ҚК-нің 195-бабы, 195-бабының 1-бөлігі, 195-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары), ақпаратты құқыққа сыйымсыз түрлендіргені (ҚК-нің 206-бабы, 206-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, 206-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы), лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланғаны (ҚК-нің 361-бабының

2024 жылдың 1 тоқсанындағы азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың қорытындылары

25/04/2024

Астана қалалық сотында 2024 жылдың 1 тоқсанындағы азаматтық істерге қатысты елорда соттарындағы судьялар корпусы жұмыстарының қорытындыларын талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Шолпан Нүсіпова талдау кезеңдерінің қорытындыларына сәйкес, келіп түскен талап-арыздар санының көлемі 2023 жылмен салыстырғанда - 9,7% - ға артқандығы туралы хабарлады.

Атап айтқанда, 2023 жылдың 1 тоқсанында сот аумағында - 10 818 талап арыз қабылданса, 2024 жылдың 1 тоқсанында 11 864 талап арыз келіп түскен.

Елорда сотында мемлекеттік тілді қолдану мәселелері талқыланды

25/04/2024

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы Жолдауында мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатыны және оны қолдану аясын дәйекті түрде кеңейтуге назар аудару туралы міндеттер қойылған.

Осыған орай Астана қалалық сотында «Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру мәселелері» тақырыбы бойынша дөңглек үстел өткізілді.

Қалалық сотта судьяларды құрметті отставкаға шығарып салды

24/04/2024

А.ж. 24 сәуірінде елордалық сотта Астана қалалық сотының судьялары Гүлнәр Әбдіғалиева, Амангелді Қайырбеков, Амандық Қанбаев және Әлихан Қасеновтың құрметті отставкаға шығуларына байланысты салтанатты іс-шара өтті.

Г.Әбдіғалиева, А.Қайырбеков, А.Қанбаев және Ә.Қасенов сот жүйесінде 20 жылдан астам қызмет етті.    

Олар өздерін жұмыс барысында жоғары білікті судьялар, бастамашыл және өз істерінің кәсіби мамандары ретінде көрсете білді.

«Цифрлық активтермен жұмыс істеу дағдылары» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды

24/04/2024

Астана қалалық сотында Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, республиканың барлық судьяларына арналған  «Цифрлық активтермен жұмыс істеу дағдылары» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинарды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің «КРИПТОН» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері өткізіп, экономикалық мәнін, оны пайдалануға байланысты істер бойынша  сот практикасын талдады.

Семинарға қатысушылар спикерге қызықтырған сұрақтарын қойып, толықтай жауап ала алды.

Астана қаласының МАӘС судьяларымен кезекті семинар өтті

23/04/2024

Астана қалалық сотында елордалық әкімшілік соттың судьяларына арналған ӘРПК нормаларын іс жүзінде қолдану бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, сот актілерін түзетудің себептері мен негіздері талқыланды.

Алқа судьясы Мараш Манабаева бірінші сатыдағы судьялардың назарын соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыруға және істің мән-жайын жан-жақты зерттеу қажеттілігіне аударды.

Судья Ержан Сиюбаев сот практикасының біркелкілігін сақтау қажеттігін атап өтті.

Судьялар 2024 жылдың I тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін талқылады

23/04/2024

Астана қалалық сотында 2024 жылдың үш айындағы Астана қаласының МАӘС жұмысының қорытындыларын талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Руслан Мәжитов статистикалық мәліметтерді келтіріп, әкімшілік талап-арыздарды қайтарудың себептері мен негіздеріне тоқталды.

«Life is good» қаржы пирамидасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы сотталды

23/04/2024

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны үшін Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы).

Айыптаудың мәні

Елорданың қалалық сотында алғаш рет аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын сайлау өткізілді

22/04/2024

2023 жылғы наурызда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық соттардың төрағаларын сайлау бойынша жаңа механизмді енгізуді көздейтін түзетулер енгізілді.

Бұл механизм аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысында сайланған адамдар арасынан Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жүзеге асырады.

Беттер