Архив событий

06/08/2022

Жылдамдықты асырудың салдары

06/08/2022

Апелляциялық алқа 2022 жылғы 14 тамызда Нұр-Сұлтан  қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының Н-ға қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, ауыр зардаптармен болған бұл қорқынышты оқиға 2021 жылғы 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан  қаласындағы «М1» көпірінде орын алған, аталған жол-көлік оқиғасы бес жас адамның өмірін қиып, бір жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген болатын.

Адам өлтіруге оқталу ісі бойынша үкім шығарылды

06/08/2022

2022 жылғы 23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Е.-ге қатысты айыптау үкімін жариялады.

Сотта  анықталғаны:

Е. адам өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі бойынша). Ол 15.12.2021 жылы  әйелі Б.-ның өмірлік маңызды органдарына пышақ жарақатын салып, оны өлтіруге оқталған деп айыпталды.

Сотталушының кінәсі қалай дәлелденді

Елорда тұрғындары киік мүйізін заңсыз сатқаны үшін сотталды

06/08/2022

2022 жылғы 18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз сату фактісі бойынша А.-ға, Ж.-ға, К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы).

Сотта анықталғаны:

А., Ж. және К. 2021 жылғы сәуірде адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы 43 килограмнан астам киік мүйізін заңсыз өткізіп, мемлекетке аса ірі мөлшерде жалпы сомасы 312 млн. теңгеден астам залал келтірген.

Жазалау туралы шешім

Ата-ана құқығынан айыру - бұл шекті шара

06/08/2022

Нұр-Сұлтан  қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған балаларға қатысты ата-ана құқықтарынан айыру туралы А-ның К-ға қатысты талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта жауапкердің балалар мен талапкермен бірге тұрған кезінде оларға қатысты физикалық, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткені, қорлау және балағаттау қолданылғаны анықталды.

Осыған байланысты, талапкер бірнеше рет полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

Ананың жас баласына қамқорлық таныту бойынша ата-аналық міндеттерін орындамауы отбасындағы қайғылы жағдайға алып келді - бала қайтыс болды, ал екінші баланы отбасынан алып қойды

06/08/2022

Нұр-Сұлтан  қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Нұр-Сұлтан  қаласының білім басқармасы» ММ-нің К-ге оның үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру және алимент өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады.

ММ-нің талабы жауапкердің кіші қызын рұқсат құжаттарынсыз үйде жұмыс істейтін жеке меншік бала-бақшаға тәулік бойы тұруға бергендігімен негізделген. Бала-бақшаға ақы төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Үлкен қызы әжесінің бақылауында болған. Осылайша, анасы бала тәрбиесінен шеттетілген.

Сотқа дейінгі хаттама жасай отырып сот медиация туралы келісімді бекітті

06/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «С» ЖШС «А» жеке кәсіпкерінен 3 млн.теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алу туралы талаппен жүгінген.

Татуластырушы судья тараптардың өкілдерімен (онлайн арқылы) кездесу ұйымдастырған. Әңгімелесуге қатысу үшін екі тарап та байланысқа шыққан. Тараптармен сотқа дейінгі хаттама жасалған.

Кейін сотқа тараптардан дауды (жанжалды) медиация тәртібімен шешу туралы келісімді бекіту туралы арыз келіп түскен.

Сот екі тарапқа да өзара тиімді барлық талаптар көзделе отырып жасалған келісімді бекітті.

Микроқаржы ұйымдарынан несие алуға шешім қабылдағандардың назарына

06/08/2022

Сот практикасынан

Талап қоюшы микроқаржы ұйымына қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (СЖТМ) берілген қарыз сомасының 56% - ынан аспауға тиіс екенін дәлелдей отырып, 50 000 теңге сомасына 30 күн мерзімге микрокредит беру туралы шартты жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінген.

Сот шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылған.