Архив событий

03/08/2022

Сот мәмілелерді жарамсыз деп таныды

03/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өз талабында тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі - ТБЖ) және өзге де ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, ЭШФ АЖ бойынша салық төлеушілердің қызметін талдауды жүзеге асыру барысында салық төлеушілер арасында жалпы сомасы 24 млн.

Сот жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалды мемлекет кірісіне өндіріп алды

03/08/2022

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен сот Басқарманың қоршаған ортаға 290 млн. теңге мөлшерінде келтірілген залал сомасын мемлекет кірісіне өндіру туралы талабын қанағаттандырды.

Жауапкер Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасалған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылады.

Сот соманы өндіру туралы талапты қанағаттандырды

03/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «V» ЖШС 2021 жылғы 30 қыркүйекте тараптар арасында жалпы сомасы 2 млн. теңгеге шарт жасалғандығын негіздеп, «Н» АҚ-дан соманы өндіріп алу туралы талаппен жүгінген.

Шартқа №1 қосымшаға сәйкес өнім беруші жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету міндеттемесін қабылдаған.

2021 жылғы 30 желтоқсанда тараптар арасында 2 млн. теңге сомаға атқарылған жұмыстар актісіне қол қойылды.

Сот берешек пен айыппұлды өндіру туралы талаптан бас тартты

03/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапкер «С» жауапкер «А»-дан берешек пен айыппұлды өндіріп алу туралы талаппен жүгінген.

Соттың 2022 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен талап қанағаттандырудан бас тартылған.

Сот «С» мен «А» арасында қосалқы мердігерлік шарт жасалғанын анықтаған.

Шарттың талаптарына сәйкес нақты орындалған жұмыстарға ақы төлеуді жауапкер «А» тараптар шарт бойынша жұмыстарды орындаудың кезекті кезеңі бойынша атқарылған жұмыстардың актілері мен анықтамаларына қол қойған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жүргізеді.

Татуласу - жанжалдан шығудың лайықты жолы

03/08/2022

Көршілер арасында туындайтын жер даулары кең таралған құбылыс. Кейбір көршілер жанжалды өзара соттан тыс шешсе, екіншілері көршілермен жанжалды бейбіт жолмен шешу әрекеттері сәтсіз болса, сотқа жүгінеді. Ал келіспеушіліктер сот дауына айналады.

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық сотына жер учаскесінің аралас меншік иесінен  көршісіне қоршауды кері итеруге мәжбүрлеу туралы талап түскен.

Жекеше ұйғарымдардың орындалуы

03/08/2022

Мемлекеттік органдардың тарапынан заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған кезде сот жекеше ұйғарым шығаруға және оны тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе басқару функцияларын орындайтын өзге де адамдарға жіберуге құқылы.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында аталған норма белсенді қолданылады, ағымдағы жылда 152 жекеше ұйғарым шығарылған.

Мысалы, сот Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің атына әкімшілік органдардың өтінішті қарау рәсімін бұзуына байланысты жекеше ұйғарым шығарған.

Сотпен медиативтік келісім бекітілді

03/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотымен И.-дің жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы  У.-ға қойған талабы бойынша татуластыру рәсімін өткізілді.

Талап жол-көлік оқиғасы нәтижесінде талапкердің автокөлігіне 1 млн.теңгеден астам сомаға зақым келтірілгендігімен негізделген. Жол-көлік оқиғасы кезінде жауапкердің жауапкершілігі сақтандырылмаған.

Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы дау бейбіт түрде реттелді

03/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының іс жүргізуіне «Л»- дан ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау, моральдық зиян мен залалдың өтемақысын өндіріп алу туралы жауапкер «Э»-ге қатысты талабы түскен.

Талап жауапкер Э.-нің өзінің «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілеріндегі парақшасында талапкер Л.-ға қатысты қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынасы мен мінез-құлқына қатысты жала жабатын мәліметтерді жариялауымен негізделген.

Жеке сот орындаушысы медиация аясында арнайы шоттан тыйым салуды алып тастады

03/08/2022

Талапкер Д. жеке сот орындаушы Б.-ның іс-әрекетіне шағым келтіріп, әкімшілік талаппен сотқа жүгінген.

Талап «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұза отырып, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент алуға арналған арнайы шотқа тыйым салынғанына негізделген. Әрі қарай балаларды күтіп-бағуға түскен ақша қаражаты алынып отырған. Жеке сот орындаушымен мәселе соттан тыс тәртіппен шешілмеген.

Талапкер шоттан тыйым салуды алып тастау туралы талаппен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот талаптарын орындамағаны үшін ақшалай өндіріп алу қолданылды

03/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азамат «Б»-ның Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне талабы бойынша іс қаралды.

Әкімшілік істі алдын ала тыңдауға дайындау мақсатында сот жауапкерлерді 2022 жылғы 23 маусымға дейінгі мерзімде талапқа жазбаша пікір ұсынуға міндеттеді.

Сот ұйғарымы 2022 жылғы 16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне жеткізілген.

Сотпен «Хайвилл» тұрғын-үй кешені тұрғындарының талабы бойынша шешім шығарылды

03/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-да 2022 жылғы 3 тамызда:

«Хайвилл» ТК-нің 25 тұрғынының сәулет-жоспарлау тапсырмасын алып тастау және жіберілген заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығару туралы әкімдікке, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қатысты талаптары бойынша;

«Highvill Astana Н» ЖШС-нің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕТЖЖ) өзгертуге арналған қаулының күшін жою туралы әкімдікке қойған талабы бойынша біріктірілген істі қаралды.

 

Істің мән-жайлары

Сотпен тауардың құнын жоғалту сомасы өндіріп алынды

03/08/2022

Талапкер К. жол-көлік оқығасы салдарынан автокөлік құралының зақымдануына келтірілген материалдық залалды өндіріп алу үшін жауапкерлер Ж-ға және «В» Компаниясына талап қойып, Есіл аудандық сотына жүгінген.

Талапкердің талабы сақтандырушы мен Компания арасында көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалғанына негізделген. Автокөлікті басқарған Ж.-ның кінәсінен жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде талапкерге тиесілі автокөлікке зақым келген.

Залалды өтеу туралы дау медиация тәртібімен шешілді

03/08/2022

Азамат К. 3 млн. теңгеден астам сомадағы қарызды азамат А.-дан өндіріп алу туралы талаппен Байқоңыр аудандық сотына жүгінген.

Азамат А. талапкер К. - ға қарызын 2022 жылдың 5 шілдесіне дейін қайтаруға міндеттенген.

Алайда, қарыз қайтарылмағандықтан талапкер сотқа жүгінген.

Талапты сот ісін жүргізуге қабылдау сатысында тараптар сотқа дейінгі хаттаманы ұсынып, өзара келісімге келді. Ол бойынша азамат А. өтеу кестесіне сәйкес ақшалай қаражатты 12 ай ішінде аудару арқылы залал сомасын өз еркімен төлеуге міндеттенді.

Сотқа дейінгі хаттама қолданылды

03/08/2022

Байқоңыр аудандық сотына  азаматша К. жол-көлік оқиғасынан келтірілген залал сомасын азамат А-дан өндіріп алу туралы талаппен жүгінген.

Азамат А. көлік құралын жүргізіп келе жатып, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, К.-ның басқаруындағы автокөлікпен соқтығысуға жол берген. Осының салдарынан көлік құралдарына зақым келтіріліп, К.  материалдық залалға ұшыраған.

Жауапкер А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен кінәлі деп танылып, айыппұл түрінде жауапқа тартылған.