Архив событий

24/08/2022

Жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылды

24/08/2022

Қала әкімдігінің қаулысымен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты жер учаскелерінің меншік иелері алдағы сатып алу туралы хабарланды. Алайда, меншік иелерінің бірі жер учаскесі үшін ұсынылған өтемақы сомасы төмен деп есептеп, келіспеді.

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін сатып алу шарты жасалмағаны, жауапкермен сатып алу бағасы туралы келісімге қол жеткізілмегені сотқа жүгіну үшін негіз болған.

Сақтандыру төлемі туралы

24/08/2022

Азамат А. жол-көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген залал сомасын өндіріп алу туралы «Евразия» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамдастығына талап қойып, сотқа жүгінген. Ол қойылған талабына сақтандыру компаниясының зиян мөлшерін (калькуляцияны) төмендеткені және оның заңнама талаптары бұзыла отырып жүргізілгені туралы уәж келтірген.

Сотпен үшінші тұлғаның рульді басқара алмағаны және сақтанушының көлігінде соқтығысуға жол бергені анықталды. Нәтижесінде автокөліктер механикалық зақымданып, осының салдарынан материалдық залал келтірілді.