Архив событий

27/08/2022

Кранға көтерілген ер адам 5 тәулікке қамаққа алынды

27/08/2022

2022 жылғы 26 тамызда М. Тараз қаласының құқық қорғау органдарымен туындаған проблемаларға назар аударту мақсатында құрылыс кранына көтерілді.

Нұр-Cұлтан қаласының Полиция департаменті «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша М-ға қатысты әкімшілік іс (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) қозғады.

ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде өндіріп алу не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу әкімшілік жазасын көздейді.

Коммуникативтік және медиативтік дағдыларға судьяларды оқыту

27/08/2022

2022 жылғы 26 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының соты аудандық азаматтық юрисдикция соттарының судьялары үшін "Медиация – дауларды шешудің тиімді тәсілі" тақырыбында семинар – тренинг өткізді.

Дәріскер ретінде халықаралық медиация институтының директоры, Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің Халықаралық тренер - медиаторы, кәсіби медиатор – практик Ж. Ж. Усипбекова сөз сөйледі.

Семинар барысында судьялар сот медиациясын жүргізу әдістемелері, азаматтық істер бойынша татуласу ерекшеліктері бойынша қосымша білім алды.

Әкесі алимент төлеуден жалтарғаны үшін ата-ана құқығынан айырылды

27/08/2022

Баланың анасы сотқа баланың әкесіне ата-ана құқығынан айыру туралы талап қойып, жауапкердің алимент төлеуден қасақана жалтарғанын айтты. Оның айтуынша әкесі мүгедек баламен сөйлеспейді, туыстық қатынастарды қолдамайды, алимент төлемейді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 19 тамыздағы қаулысымен жауапкер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаға тартылып, кінәлі деп танылған.