Архив событий

10/08/2022

Сот шетелдік жалға алушыдан қарызды өндіріп алды

10/08/2022

2022 жылғы 10 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қазақстандық компания «К» ЖШС-нің (иесі) «Г» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығына (РФ, Санкт – Петербург қ. – кемені жалдаушы) қатысты «Жібек-жолы» және «Атамекен» теңіз кемелерін жалға алу төлемін кешіктіргені үшін ағымдағы берешек пен пайыздарды өндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылды.

"Қазақстан темір жолы"департаментінің директорына қатысты үкім шығарылды

10/08/2022

2022 жылғы 10 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша жол және құрылыс Департаментінің директоры Т. - ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Тағылған айып

Тергеу барысында сотталушы Т. Департамент директоры  және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіріле отырып, өзінің қызметін жүзеге асыру барысында танысы Ш.-ны жол дистанциясының басшысы лауазымына тағайындау туралы өтініш білдірген және кейіннен оған жалпы қамқорлығын көрсетуді жалғастырған деген айып тағылған.