Архив событий

13/08/2022

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың қаупі неде?

13/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының 2022 жылғы 1 шілдедегі үкімімен Т. ҚК-нің 273-бабы бойынша 1 жыл 6 айға ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, бас бостандығынан айыруға сотталған.

Аталған баптың санкциясы 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмысы не 5 жылға дейінгі бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Көлік жүргізу құқығынан қандай жағдайда айырады?

13/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының 2022 жылғы 8 шілдедегі қаулысымен Б. көлік құралын жүргізуді алкогольдік масаң күйдегі адамға бергені үшін кінәлі деп танылған (608-бап 1-бөлік).

Аталған баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі баламасыз әкімшілік жазаны көздейді.

Б. 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

2022 жылғы 8 тамызда апелляциялық сатыда осы қаулы өзгеріссіз қалдырылды.

Неліктен жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтар көлік құралын басқаруды жалғастыруда?

13/08/2022

1983 ж.т. азамат К. соттың 2021 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша масаң күйде көлік құралын жүргізгені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған, оған 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалған.

Жүргізуші куәлігінің жоқтығына қарамастан, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған азамат К. 2022 жылғы 21 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылында автокөлік жүргізген.

Сотпен мемлекеттік әріптестің іс-әрекеттері негізді деп танылды

13/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жеке кәсіпкер Н.-нің (бұдан әрі –  Жекеше әріптес) «У» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік әріптес) қойған пайдалану кепілдігінен ақша ұстау, 4,5 млн. теңге сомасында залалды өндіру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды.

Жекеше әріптес талаптарының негіздемесі ретінде ақаулық ұпайларды мемлекеттік әріптес дұрыс есептемегенін, осыған байланысты оның пайдалану кепілдігінен ақшаны ұстап қалу заңсыз болып табылатынын мәлімдеген.

Сот орындалған міндеттемелер үшін соманы өндіру туралы дауды шешті

13/08/2022

«А» ЖШС өз талаптарын жауапкердің төлем бөлігінде міндеттемелерін толық көлемде орындамауын дәлелдей отырып, соманы өндіріп алу туралы «К» жария емес акционерлік қоғамына қатысты талабымен сотқа жүгінген.

Талапкер (орындаушы) мен жауапкер (тапсырыс беруші) арасында құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалған, олардың шарттары бойынша талапкер  асфальтты жөндеу жұмыстарын орындауға міндеттенген.

Шарттардың қолданылу мерзімі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Мемлекеттік мекемеден ЖШС пайдасына берешек сомасы өндірілді

13/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ЖШС-нің ММ-ден 285 000 теңге мөлшеріндегі берешекті өндіріп алу туралы талабын қарады.

Талаптың негіздемесі ретінде тараптар арасында қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт және XVIII ғасырдағы Оғыланды жеріндегі Бекет Ата жерасты мешітін республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын техникалық қадағалау қызметтерін көрсетуге жалпы сомасы 285 000 теңгені құрайтын қосымша келісім жасалғаны көрсетілген.

Сот нысаналы мақсаты бойынша міндеттемені бұзуына байланысты жеке кәсіпкерден мемлекеттік гранттың сомасын өндіріп алды

13/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Б» КММ  «А» жеке кәсіпкерден 580 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік грант сомасын өндіріп алу туралы талаппен жүгінген.

2022 жылғы 28 сәуірдегі сот шешімімен талап толық қанағаттандырылған.

Партисипативтік рәсім даулы құқықтық қатынастарды тиімді баламалы шешу тәсілі ретінде

13/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық соты ерлі-зайыптылардың бірлесіп жинаған мүлкін бөлу туралы дау бойынша партисипативтік келісім жасасты.

Мүлікті бөлу мәні тұрғын үйдегі жиһаз бен басқа да тұрмыстық техниканы ескере отырып жүргізілген жақсартулар/жөндеу жұмыстары түрінде ерлі-зайыптылар бірлесіп сатып алған мүлік болды.

Жөндеу жұмыстарының құны тараптардың келісімі бойынша 2 400 000 теңге мөлшерінде бағаланды.

Отбасылық дау бітімгершілікпен шешілді

13/08/2022

Азаматша С. азамат Ш-ға Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кететін ата-ана балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы талаппен 0сотқа жүгінген.

Даудың мәні:

Талапкер балаларымен бірге шетелге шығуға ниетті, алайда жауапкер өзінің ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтындығына және балаларымен қарым-қатынас жасай алмайтындығын уәждей отырып, балалардың кетуіне рұқсат бермеген.

Істі қарау кезінде жауапкер өз ұстанымын қайта қарап, ол балалардың мүддесі үшін әрекет ете отырып, медиация шарттарын талқылауға келісті.

Тараптар сотта материалдық залалды өтеу бойынша медиативтік келісім жасасты

13/08/2022

2022 жылдың мамыр айында азамат Б.-ның кінәсінен жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) орын алған. ЖКО салдарынан Е.-нің автокөлігі соғылып, материалдық шығын келтірілген.

Б.-да сақтандыру полисі болмағандықтан, Е. бірнеше рет Б.-ға залалды өтеуін сұраған.

Шағымына жауап ала алмаған Е. кінәлі жүргізуші мен автокөлік иесіне материалдық залалды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінген.