Архив событий

18/08/2022

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар

18/08/2022

Апелляциялық саты 2022 жылғы 17 тамызда Нұр-Cұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының лауазымды адам Н-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 207-бабы 10-бөлігінің 2-тармағы бойынша – әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа жүгінбеу туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды.

Н. мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тапсырыс беруші -мемлекеттік органның бірінші басшысы болып жұмыс істейді.

Талапкердің сот шешіміне дау айту мерзімдерін өзгерту жөніндегі талаптары негізсіз деп танылды

18/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы сот орындаушысының жекелеген қаулыларын заңсыз деп тану туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Істің мән-жайлары

Қарағанды облысының МАЭС-ның 2022 жылғы 4 ақпандағы ұйғарымымен  Л.-дың мүлкіне тыйым салынған.

2022 жылғы 26 мамырда жеке сот орындаушысы М. атқарушылық іс жүргізу қозғаған және Л.-дың мүлкіне қатысты ауыртпалықтар салу шараларын қабылдаған.

Әкімшілік талап соттың ведомстволық қарауына жатпайды

18/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы талаптар әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде қарауға жатпайтындықтан, талапты қайтару туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымын өзгеріссіз қалдырды.

Істің мән-жайлары

2019 жылы Б-дан Банктің пайдасына сот тәртібімен 155 миллион теңгеден астам мөлшерде берешек сомасы өндіріліп алынған.

Жеке кәсіпкерге алкоголь сатқаны үшін айыппұл салынды

18/08/2022

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заңының нормаларына сәйкес мейрамханаларда, барларда және кафелерде өткізуді қоспағанда, сағат 23:00-ден келесі күнгі сағат 08:00-ге дейін; этил спиртінің көлемдік үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнімін сағат 21:00-ден келесі күнгі сағат 12:00-ге дейін алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады.

Сотпен 2022 жылғы 26 маусымда жеке кәсіпкер М.-нің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын азық-түлік дүкенінде сағат 00:15-те алкоголь өнімі - сыра сатылғандығы анықталған.

Тараптар қорлау ісі бойынша бітімгершілікке келді

18/08/2022

Басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау үшін заңмен қылмыстық жауаптылық көзделгенін білу қажет.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында қорлау фактісі бойынша А-ға қатысты қылмыстық іс қаралған (ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігі).

Жәбірленуші М. сотқа жекеше айыптау тәртібімен байланыс құралдарын, нақты айтқанда WhatsApp мессенджері мен Kaspi.kz. қосымшасын пайдалану арқылы жария түрде әдепсіз түрде көрсетілген ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін азамат А-ны қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы өтінішпен жүгінген.

Туристік агенттікпен сотта турист жеңіске жетті

18/08/2022

«Байқоңыр» аудандық сотында азаматша А-ның  ЖШС-нен туристік қызмет көрсету шартын бұзу және қарызды өндіріп алу туралы талап қаралды.

А. мен ЖШС-ның арасында шарт жасалған, ол бойынша ЖШС іздеу және брондау бойынша қызметтер кешенін көрсетуге, сондай-ақ турист үшін туристік өнімді төлеуге міндеттелген. Шарт бойынша азаматша А.-мен тур өнімі құнының бір бөлігі -  405 000 теңге сомасын  ЖШС-ның шотына төленген.

Бұдан басқа, тараптар қосымша келісім жасасып, ол бойынша COVID-19 таралуына байланысты кезеңін кейінге қалдыру және көлемді қайта қарау туралы келісімге келген.

Тұтынушының құқықтары

18/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотына талапкер «А» жауапкер «Б»-ға шартты жарамсыз деп тану, тауарды қабылдау міндетін жүктеу және келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу туралы талаппен жүгінген.

Талапкер өз талаптарын ол сатып алған тауарлардың мәлімделген қасиеттерге сәйкес келмейтіндігімен негіздеп, сондықтан ол қайтару мақсатында сатушыға жүгінген. Алайда, сатушы тауарды қабылдаудан және ақшаны қайтарудан бас тартқан, өйткені ол талапкер тауарды қолданған деп санайды.

Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы дау қаралды

18/08/2022

Талапкер Д. 1998 жылы қайтыс болған әкесі мен ағасынан қалған пәтер түріндегі мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіруді талап еткен.

Сот шешімімен мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алу және мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерінің болмауына байланысты талапты қанағаттандырудан бас тартылған.

Сотпен талапкердің даулы пәтер иелері қайтыс болғаннан кейін мұраны заңмен белгіленген мерзімде қабылдамағаны, мұраны қабылдау және мұраға құқық туралы куәлік беру туралы арызбен талапкердің нотариусқа жүгінбегені, іс жүзінде мұраны қабылдамағаны анықталған.

Балалармен қарым-қатынас жасау тәртібі медиация арқылы шешілді

18/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ның балаларымен қарым-қатынас жасау тәртібін анықтау туралы М.-ға қойған талабы бойынша медиативтік келісімді бекіту туралы ұйғарым шығара отырып, азаматтық істі қарады.

К. өзінің қойған талабын жауапкердің балаларымен қарым-қатынас жасауға кедергі болып отырғанымен негіздеген.

Істі қарау кезінде талапкер қойған талабын негізділігі тұрғысынан қайта қарап, балалардың мүдделерін ескере отырып медиация шарттарын талқылауға келіскен.

Тағы бір ЖШС жосықсыз қатысушы болып танылды

18/08/2022

«К» АҚ мен «F» ЖШС арасында қосылған құн салығынсыз жалпы сомасы 2,5 млн. теңге бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану құқығына лицензиялар беру бойынша қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Шарттың техникалық ерекшелігіне сәйкес, өнім беруші тауарды өтінім берілген сәттен бастап күнтізбелік 16 күн ішінде жеткізуге міндеттенген.

Тапсырыс беруші өтінімді жіберген, алайда өнім беруші тауарды шартта көзделген мерзімде жеткізбеген.

Берешекті өндіріп алу туралы дау бітімгершілікпен реттелді

18/08/2022

«Б» ЖШС (талапкер) «П» ЖШС-ға (жауапкер) 72 млн. теңгеден астам берешекті өндіріп алу және 2 млн. теңгеден астам сомадағы тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінген.

Жүргізілген татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде тараптар дауды медиативтік келісім жасасу арқылы бейбіт жолмен реттеуге келді, оның шарттары бойынша жауапкер талап сомасы мен шығыстарын 20 қыркүйектен кешіктірмей үш траншпен төлеуге міндеттелген.

Сот тараптарды медиативтік келісім жасасу арқылы 4 күн ішінде дауды бейбіт жолмен реттеуге алып келген.

Елорда судьялары «Ironman Kazakhstan» сайысшылар жарысына қатысты

18/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы 14 тамызда «Ironman Kazakhstan» сайысшылар жарысы өтті.

Оған әлемнің 75 елінен 2200 спортшы қатысты.

Қатысушылар арасында Нұр-Сұлтан қаласының аудандық соттарының судьялары Айдос Ордабаев пен Арман Төлеубаевта болды. 

Судья А. Ордабаев 2019 жылы «70.3» нұсқасы бойынша қашықтықтың жартысын жүріп өткен болатын, содан кейін ол толық қашықтыққа дайындала бастады.

Биыл ол жеке нәтижеге қол жеткізіп, 15 сағат 42 минутта толық қашықтықты жүріп өтті.