Архив событий

09/08/2022

Германияның судьялары елордалық әкімшілік сотқа келді

09/08/2022

2022 жылғы 09 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (бұдан әрі – МАӘС) Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының (GIZ) бастамасы бойынша Конституциялық Сотының және  Федералды жердің жоғарғы әкімшілік сотының төрағасы Рейнланд-Пфальц (Германия), құқық докторы Ларс Брокер және Қазақстандағы GIZ өкілдігінің басшысы, Берлин қаласы әкімшілік сотының судьясы Йорг Пуделька, Қазақстандағы GIZ құқықтық жобасының ұлттық үйлестірушісі Алмат Ғаббасов келді.

Әкімшілік іс жазбаша іс жүргізу арқылы қаралды

09/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына «К.» ЖШС-нан  Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзушылығын жою туралы нұсқамаға шағым жасау жөнінде талабы келіп түсті.

Алдын ала тыңдау барысында сот істі жазбаша іс жүргізу тәртібімен қарау тәртібін түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 148-бабының 1-бөлігіне сәйкес Сот тараптардың келісімімен әкімшілік істі жазбаша талқылауда ақылға қонымды, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарауға құқылы.

Сот елорда тұрғынының тұрғын үй кезегін қалпына келтірді

09/08/2022

Елорда тұрғыны Р. 2012 жылы «1 және 2 топтағы мүгедектер» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтар есебіне қойылған.

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бұйрығымен Р. кезектен шығарылған.

Қабылданған шешім туралы ол тиісті түрде хабардар етілмеген.

Ол өзін кезектен шығару туралы бұйрыққа қатысты талабымен елордалық әкімшілік сотқа шағымданып жүгінген.

Қарыз шартының болмауы және төлем құжаттарында өтеусіз ақша аударымын көрсету борышты өндіріп алу туралы талаптан бас тартуға негіз болды

09/08/2022

Ә. сотқа  Н-ға қатысты жалпы сомасы 6 млн. теңгеден асатын қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгініп, ауызша уағдаластық бойынша жауапкерге қолма-қол ақшасыз аударыммен қарыз берілгенін көрсеткен. Бұл ретте, тараптар өзара еңбек қатынастарында болған. Талапкердің айтуынша, бұл сомалар жауапкердің пәтерін жөндеуге жұмсалған.

Талапкердің мәлімдеуінше, жауапкерге ақша қарызға берілген, осыған байланысты жауапкерден жоғарыда көрсетілген соманы өндіріп алуды сұраған.

Ата-ананың талабы бойынша сотпен әке туралы мәліметтер алынып тасталды

09/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотымен әке туралы мәліметтерді алып тастау туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер А. 2016-2018 жылдар аралығында жауапкер Н - мен жақын қарым-қатынаста болғанын, сонымен қатар жауапкер Н. 2012 жылдан бастап азамат С - мен некеде тұрғанын, 2019 жылы неке бұзылғанын көрсетіп, сотқа жүгінген.

2018 жылғы тамызда жауапкер Н. қыз босанған, туу туралы актілік жазбада баланың әкесі ретінде жауапкердің жұбайы – азамат С. көрсетілген.

Талапкер А. өзін баланың әкесімін деп санап, әкесі азамат С. туралы мәліметті алып тастауды сұраған.