Архив событий

26/08/2022

Елорда тұрғыны «Telegram» арқылы есірткі сатқаны үшін сотталды

26/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылғы 12 шілдедегі үкімімен С. аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы адамдар тобымен алдын ала сөз байласып заңсыз сақтағаны үшін (ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3, 5-тармақтары) жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтей отырып,  10 жыл мерзіміне  бас бостандығынан айыруға сотталды.

СОТ ПЕН «АТАМЕКЕН» ҰКП АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

26/08/2022

2022 жылғы 26 тамызда «Атамекен» ҰКП алаңында елорданың әкімшілік соты судьяларының қатысуымен «Жария-құқықтық қатынастардағы билік органдарымен даулар бойынша татуластыру рәсімдері, оның ішінде дауды медиация және партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақшалай міндеттемелерді орындауға құлықсыздықтан туындаған құқықты теріс пайдалануға жол берілмейді

26/08/2022

Тараптар микрокредит беру туралы шарт жасасты.

Талап қоюшыға қарыз берілді.

Микрокредитті уақтылы қайтару талаптарын бұза отырып, талап қоюшы  оның заңнаманың міндетті талаптарына сәйкес келмеуіне сілтеме жасай отырып, көрсетілген шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен  сотқа жүгінді.

Сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот алқасының қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Шағымдану мерзімі дәлелді себептер бойынша қалпына келтіріледі

26/08/2022

Сот актілеріне іске қатысатын адамдар, сондай-ақ құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот актілері шығарылған адамдар шағым                келтіре алады.

Апелляциялық шағым шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде түпкілікті нысанда берілуі мүмкін.

Егер белгіленген мерзімдерді сот дәлелді деп таныған себептер бойынша өткізіп алса, оларды сот қалпына келтіруі мүмкін.

Осылайша, талап қоюшы соманы өндіріп алу туралы жауапкерлерге талап қойып сотқа жүгінді.

Сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды.

Ата-аналар апелляциялық сатыдағы сотта татуласты

26/08/2022

Балалардың құқықтары мен мүдделері қозғалатын істерге әркез ерекше қарау керек.

Өкінішке орай, отбасын сақтап қалу, мүліктік мәселелерді өзара келісім бойынша шешу, ең бастысы, кәмелетке толмаған балалардың қай ата-анамен бірге тұруын шешу мүмкін бола бермейді.

Кеше ғана ерлі-зайыпты болғандар  өздерінің келіспеушіліктерінің шешімін таппастан, сотқа жүгінеді, дегенмен олар сотта  баланың жанын жаралайтындарын жақсы түсінеді.

Ата-аналар өз реніштерін басып, татуласып жатса, әрине бұл қуантады.

Соттың атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуы негізсіз деп танылды

26/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысының күшін жою туралы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

 

Істің мән-жайлары

2020 жылғы 28 шілдеде жеке сот орындаушысы өндіріп алушы М-ның пайдасына А-дан 3,5 миллион теңгеден астам соманы өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу қозғады.

Мемлекеттік органның жер учаскесін жалдау шартын қайта ресімдеуден бас тартуы заңсыз деп танылды

26/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы «Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) жер учаскесін жалдау шартын қайта ресімдеуді міндеттеу туралы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

 

Істің мән-жайлары

Алаяқтық фактісі бойынша үкім шығарылды

26/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты 2022 жылғы 11 тамызда К. - ға қатысты айыптау үкімін жариялады.

К. 2021 жылдың соңынан 2022 жылдың сәуіріне дейінгі уақыт кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында кеңселерді жалға алып жұмыс істеді. Осы кезде ол мөрлерді қолдан жасап, жұмыс істеп тұрған түрлі ЖШС деректемелерін пайдаланып, газоблоктарды жеткіземін және тауар үшін кепілақы енгіземін деген сылтаумен тауар жеткізудің жалған шарттарын жасаған. Ақырында ол 16 миллион теңгеден астам сомаға 32 жәбірленушінің ақша қаражатын иемденді деп айыпталды.

Сот Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде орын алған бұзақылық фактісі бойынша үкім шығарды

26/08/2022

Сот Ш., О. және М. - ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Олар әкімдік ғимаратында азаматқа қатысты зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды.

Сотпен анықталғаны:

Ш., О. және М. 2022 жылғы 27 шілдеде сағат 10.00 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимаратында (қоғамдық орында) қоғамдық тәртіпті дөрекілік танытып бұза отырып және қоғамға айқын құрметтемеушілік білдіре отырып, бұрын таныс емес, әкімдікке кеңеске келген жәбірленуші М. - ға қатысты зорлық-зомбылық әрәкет жасады.

«Астана-ЕРЦ» ЖШС-ның арызы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұйғарымы жарамсыз деп танылды

26/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Астана-ЕРЦ» ЖШС-ға қатысты ішкі мемлекеттік аудит жүргізген, оның нәтижелері бойынша ЖШС-дан алынбаған табысты қалпына келтіру бойынша 1,5 млрд.теңге сомасында шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарылған.

Нұсқаманы шығаруға аудиторлық қорытындының мынадай тұжырымдары негіз болған:

Сот талап қоюшыны мемлекеттік қызметке қайта кіргізуден бас тартты

26/08/2022

Талап қоюшы Р. мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қайта кіру, амалсыздан бос жүрген уақытына орташа табысын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сотта, талап қоюшы жұмысқа кірерде бұрын өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғандығы жөнінде және де қылмыстық істің тоқталғандығы туралы мәлімет бермегені анықталған.

Банк борышкер-кепіл берушінің банкроты туралы арызбен сотқа жүгінді

26/08/2022

Банк кепіл беруші болып табылатын «М» ЖШС-ны банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінді, ол Банк алдында негізгі міндеттемені көтеретін  басқа ЖШС-қарыз алушылардың қамтамасыз ету есебіне жылжымайтын мүлкін кепілге берген.

Бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тартты.