Архив событий

16/08/2022

Көп балалы отбасының құқықтары сотта қалпына келтірілді

16/08/2022

Елорда тұрғыны И. 2022 жылғы 8 маусымда «көп балалы отбасы» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж адам ретінде өзін есепке қою туралы арызбен сотқа жүгінген.

28 маусымда тұрғын үй басқармасымен 2019 жылғы 13 наурыздағы сатып алу-сату шартының негізінде тұрғын үйдің иеліктен шығарылуына байланысты есепке қоюдан дәлелді түрде бас тартылған.

Судьялардың біліктілігін арттыру

16/08/2022

Елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айбек Амангелдин Әкімшілік құқық жазғы мектебінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Оқытудан Қазақстан Республикасы әкімшілік соттарының 13 судьясы, Орталық Азия елдерінің (Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан) судьялары өтті.

Курстар Висмара қаласының (Мекленбург – Алдыңғы Померания федералдық жері) қолданбалы ғылымдар университеті жанындағы Висмар Шығыс институты базасында өтті.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісі» РММ азаматтарға арналған «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысты

16/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Аталған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісінің Персоналды басқару бөлімінің мамандары қатысты.

Жәрмеңке барысында азаматтарға соттарға жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді және табысты мансап үшін ұсыныстар берілді.