Архив событий

17/08/2022

«Қарым-қатынас дағдылары» тақырыбы бойынша семинар өткізілді

17/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында инспектор-психолог Ж.М. Дутбаева сот қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды.

Дәріс өткізу барысында қарым-қатынасты дамыту және күйзеліске төзімді болу, сотқа келушілерге құрмет көрсету мәселелері қозғалды. 

Осы тақырыпты талқылау барысында өмірде кездесетін жағдайлар туралы айтылды. Сонымен қатар, осындай міндеттерді шешу, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қолдау бойынша идеялар; сондай-ақ сот қызметкерлері арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл шаралары ұсынылды.

Апелляциялық сатыдағы сот адал ниетті азамат пен оның отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғады

17/08/2022

Е. басқа тұрғын үй берместен бірге тұратын барлық адамдармен бірге тұрғын үйден шығару туралы Ж.-ға қатысты талаппен сотқа жүгінген.

Ж. қарсы талап қойып, жер учаскесін сонда орналасқан тұрғын үймен бірге сатып алу-сату жөніндегі мәмілені жарамды деп тануды сұраған.

Бірінші сатыдағы сот Е.-нің қойған талабын қанағаттандырған және Ж.-ның отбасын үйден шығарып, ал қарсы талапты қанағаттандырудан бас тартқан.

Алимент төлемегені үшін борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуы уақытша тоқтатылды

17/08/2022

Жеке сот орындаушысы М. (бұдан әрі-ЖСО) борышкер Н.-ға берілген автокөлік құралдарын басқару бойынша арнайы құқықты атқарушылық құжат толық орындалғанға дейін уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныспен сотқа жүгінген.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының ұйғарымымен 2022 жылғы 25 наурызда ЖСО-ның ұсынысы қанағаттандырылып, борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуы ол атқарушылық құжатты толық орындағанға дейін уақытша тоқтатылған.