Архив событий

25/08/2022

Елорда тұрғыны сотта емхана қызметкерлерімен татуласты

25/08/2022

2022 жылғы 12 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-на азаматша С.-дан әрекетсіздікке дау айту және залалдарды өндіріп алу туралы №... қалалық емхана әкімшілігіне талап келіп түсті.

Талап талапкердің 2022 жылдың наурыз айында мүгедек мәртебесін ұзарту үшін медициналық мекемеге жүгінгендігімен уәжделген. Емхана қызметкерлерінің әрекетсіздігі нәтижесінде құжаттар тиісті мерзімнен кеш беріліп, осыған байланысты талапкер өзіне тиесілі төлемдер мен жәрдемақыларды 1 ай ішінде алмаған.

Заңсыз тасымал үшін жауаптылық

25/08/2022

Жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қызметті хабарлама тәртібінің талаптарын сақтамай жүзеге асыруға жол берілмейді.

Мәселен, 2022 жылғы 22 ақпанда «А» жеке кәсіпкері Нұр-Сұлтан қаласында автокөлікті басқара отырып, жолаушыны ешбір міндетті рұқсатсыз және ескертусіз такси арқылы тасымалдауды жүзеге асырған.

АХҚО соты мен ХТО-ның заң қоғамдастығымен кездесуі

25/08/2022

2022 жылғы 24 тамызда "Астана" халықаралық қаржы орталығында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.М. Өтегенованың қатысуымен заң қоғамдастығы өкілдерінің "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының және халықаралық төрелік орталығы аппаратының басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холтпен кездесуі өтті. Кездесу істерді қазақстандық соттардан АХҚО және ХТО сотына тапсыру тақырыбында болды.

Іс-шара кезінде АХҚО-ның өкілдері үшін АХҚО сотының сот отырыстарының залдарына және ХТО-ның төрелік тыңдау залына экскурсия ұйымдастырылды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заңсыз құрылыс жүргізгені үшін айыппұл салынды

25/08/2022

Объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жерлерде ғана жол беріледі.

Осылайша, жоспардан тыс тексеріс барысында Серіктестікпен жерге тиісті құқықсыз «Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі және жапсарлас салынған 280 орындық бала бақшасы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені» объектісін салу жүзеге асырылып жатқандығы анықталды.