Архив событий

20/08/2022

Апелляция банктердің тұрғын үйді иеліктен шығару жөніндегі әрекеттерін заңнамаға сәйкес емес деп таныды

20/08/2022

2017 жылғы 03 тамызда «Банк Kassa Nova» АҚ және талап қоюшы арасында банктік қарыз шарты жасалып, талап қоюшыға 16 500 000 теңге мөлшерінде қарыз берілген. Қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін талап қоюшы Банкке кепілге тұрғын үй берген.

Қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалмауына байланысты, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттама негізінде тұрғын үй сатып алынып, «Банк Kassa Nova» АҚ-ның меншігіне өткен.