Архив событий

19/08/2022

Ауызша мәміле жарамсыз болып табылады

19/08/2022

Елорда тұрғыны К. Алматы аудандық сотына ақшалай қаражат пен моральдық зиянды өндіріп алу туралы Н.-ға қатысты талаппен жүгінген.

К. талапты ауызша келісім бойынша жауапкер Н.-ның карточкалық шотына әпкесінің пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 510 000 теңге сомасында ақша аударғанымен уәждеді. Жөндеу жұмыстары толық көлемде жүргізілмегендіктен, ол соттан төленген соманы және келтірілген моральдық зиян үшін 150 000 теңге өндіріп алуды сұрады.

Автокөлік иесінің құқығы қорғалды

19/08/2022

П. жол-көлік оқиғасынан (бұдан әрі – ЖКО) келтірілген залалды өтеу туралы Ш-ға қатысты талаппен сотқа жүгінді.

Алматы ауданының елордалық соты П.-ны автокөліктің меншік иесі болып табылмайды деп оның Ш.-ға қатысты талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Апелляция П.-ның шағымын қанағаттандыра отырып, үшінші тұлғаның С.-ның шағымы бойынша шешімнің күшін жойды және материалдық залалды Ш.-дан талапкердің пайдасына өндіріп алды.

Елордалық әкімшілік соттың судьялары сот актілерін түзетуді талқылады

19/08/2022

Семинар модераторы, Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот оқу орталығының судья-үйлестірушісі Айбек Амангелдин сот актілерін түзетудің себептері және негіздерімен бөлісті.

Елордалық әкімшілік сот төрағасы Руслан Мәжітов судьяларға іс материалдарын мұқият зерделеу қажеттігін атап өтті.

Семинардың екінші бөлімінде судья Айбек Амангелдин сот шешімдерін құрастыру әдістемесі туралы айтты.

Сот актілерін жасауға қойылатын талаптар көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша судьялар пікір алмасып, нақты ұсыныстар әзірленді.

 

Эксаумақтық соттылық бойынша істерді беру туралы Заңның нормасын қолдану басталды

19/08/2022

2022 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік  кодексінің 32-бабына өзгерістер енгізілді.

Енді тараптар өзара келісім бойынша талап қою кезінде, сондай-ақ соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша да сот талқылауына дайындық сатысында аумақтық соттылықты өзгерте алады.

ІСТІ ЭКСАУМАҚТЫҚ СОТТЫЛЫҒЫ БОЙЫНША БЕРУ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

 

Түсіндіреміз:

Талапкер Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес сотқа талаппен арызын береді.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші бөтеннің көлігін ұрлап әкетті

19/08/2022

Б. техникалық қызмет көрсету станциясында жұмыс істей отырып, жәбірленушінің  автокөлігін жөндеген, сөйтіп 2022 жылғы 20 мамырда көлікті рұқсатсыз үйіне айдап әкеткені үшін кінәлі деп танылған. Содан соң ол үйінде алкоголь ішіп, орта дәрежедегі масаң күйде көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан ұрланған көліктің рөліне қайта отырған және қаланы аралауға шыққан, сол жерде полиция қызметкерлерінің қолына түскен.

Бірінші сатыдағы соттың үкімімен оған қылмыстардың жиынтығы бойынша 6 ай 10 күн бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Салық төлеуден жалтару қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқты

19/08/2022

Қ., «Ж» ЖШС-ның  басшысы бола отырып, 2018 жыл ішінде жалпы сомасы 138 млн. теңгеден астам сома ірі мөлшерінде бюджетке салық төлеуден қасақана жалтарған.

Іс бойынша «Ж» ЖШС тапсырыс беруші «ҚТЖ «Ұлттық компаниясы» АҚ-мен мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бас мердігер ретінде «Ф» ЖШС-мен шарт жасағандығы анықталған, соған сәйкес қосалқы мердігер станциялық жолдар мен станцияға жақындау учаскелерін 9 станцияда адамдардың шығуынан қоршау бойынша жұмыстарды орындауға міндеттелген.

Ер адам қорлағаны үшін қамаққа алынды

19/08/2022

Ер адам супермаркетте бола тұра, қызды қорлаған.

Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі супермаркеттің бақылау камераларынан алынған бейнежазбамен расталған.

Құқық бұзушылық қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қайшы келеді, моральдық қағидаттарды, қоғамдағы мінез-құлық нормаларын айқын ескермеуді көрсетеді.

Аталған іс-әрекеттер үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түрінде жауаптылық көзделген.

Заңды күшіне енген сот қаулысымен ер адам 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Орындалған жұмыстар актісіне қол қоюдан бас тарту уәждері сотпен негізсіз деп танылды

19/08/2022

ЖШС орындалған жұмыстар актісін жарамды деп тану, соманы өндіріп алу туралы Басқармаға қатысты талаппен сотқа жүгінген. Талабында ол орындалған жұмыстар актісіне сәйкес, шарт бойынша көрсетілген жұмыстардың 20 млн. теңгеден астам сомаға нақты орындағанын көрсеткен. Алайда, жауапкер орындалған жұмыс актісіне қол қоюдан және соманы төлеуден бас тартқан.

Сот тұтынушының бұзылған құқығын қалпына келтірді

19/08/2022

Азамат «К» «A» ЖШС-ға тауардың кемшіліктерін өтеусіз жою және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Сот «К» мен «A» ЖШС-ның арасында құны 15 204 000 теңгеге, Банктен қарыз қаражатқа сатып алынған және банкте кепілде тұрған автомобильді сатып алу-сату шарты жасалғанын анықтады.

Жасалған шарттың талаптарына сәйкес автомобильге 36 ай мерзімге кепілдік немесе 100 000 километр жүріске қол жеткізу қолданылады.

Талап қою мерзімінің өтуі туралы

19/08/2022

Азамат К.  Г. және А.-дан қолхаттарға сәйкес 2,3 млн. теңге мөлшерінде борышты өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Істі қарау нәтижелері бойынша бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты, өйткені талап қоюшы Азаматтық кодекстің 178-бабында көзделген талап қою мерзімін өткізіп алған.

Жауапкерлер олардың міндеттемелерді орындамауын дауламаған, талап қоюшы мерзімді өткізіп алудың уәжді дәлелдерін ұсынбаған және оны қалпына келтіру туралы мәлімдемеген.