Архив событий

31/08/2022

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті

31/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының сотында судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды талқылау мәселесі бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес жұмысы судьялар корпусының сапалы қалыптасуына ықпал етеді. Кеңесте кандидатты сипаттайтын, оның моральдық-адамгершілік бейнесін анықтауға мүмкіндік беретін материалдар зерделенеді.

«Конституция. Жаңа Қазақстан. Қарқынды қадамдар»

31/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі аудандық соттарының төрағалары – Алмас Сәлімов пен Дәуренбек Даумов  Есіл ауданының әкімі ұйымдастырған «Конституция. Жаңа Қазақстан. Қарқынды кадамдар» дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Салтанатты іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Иоганн Меркель, Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Саиров, Елнұр Бейсенбаев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы және басқа да саяси және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы дау бітімгершілікпен аяқталды

31/08/2022

Талап қоюшы Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотына ЖКО салдарынан келтірілген залал сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді.

Талап қою сақтандыру компаниясының келтірілген зиянның мөлшерін төмендетуімен, заңнама талаптарын бұза отырып орындалғанымен уәжделген.

Материалдық залал медиация тәртібімен өндірілді

31/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық соты «А» ЖШС-ның К-ге материалдық залалды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша татуластыру рәсімін өткізді.

Талап қою жауапкердің ұзақ уақыт талап қоюшымен еңбек қатынастарында болғандығымен, халықаралық көлік жүргізушісі болып жұмыс істегендігімен негізделген. Бір күні талап қоюшының көлігінен шығып, жұмысқа және байланысқа шықпады. Талап қоюшы жүргізген автомашинаны пайдалану нәтижесінде қалпына келтіру жөндеуінің құнын бағалау кезінде 1,1 млн. теңге мөлшерінде залал сомасы анықталды.

Туристер мен туристік компания сотта келісімге келді

31/08/2022

10 талап қоюшы мен жауапкер ЖШС арасында саяхат жасауға билеттерді брондау, сатып алу және беру бойынша туристік қызмет көрсетуге шарт жасалды. Алайда 3 млн.теңгеден астам ақша қаражатын алғаннан кейін жауапкер шарт бойынша талаптарды орындамаған.

Талап қоюшылардың ақшаны қайтару туралы бірнеше рет қойған талаптарын жауапкер елемеген.

Сотталушылардың наразылығы туристік маусымды өткізіп алумен, демалыстарын Жерорта теңізінің жағалауында демалумен өткізе алмаумен және ақшаны жоғалтумен негізделген.

Сот моральдық зиянды өндіріп алу туралы іс бойынша медиативтік келісімді бекітті

31/08/2022

Талап қоюшы Д. Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық сотына жауапкерлер Г. мен ЖШС-не моральдық зиянды, жерлеуге және дәрі-дәрмек сатып алуына жұмсалған шығындарды өтеу туралы талап қоюмен жүгінген.

Талап қою арызы ЖШС-не  тиесілі «ПАЗ» маркалы автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан талап қоюшының  әкесінің қайтыс болуымен негізделген.

Жол-көлік оқиғасының тергеушісі Нұр-Сұлтан қ. ПД-ның қаулысымен жауапкер Г- ге қатысты қылмыстық іс рақымшылық жасау актісі салдарынан тоқтатылды.

Сот пәтер иесіне жалдау шартының бұзылмауына байланысты үйден шығару туралы талап қоюдан бас тартты

31/08/2022

Ч. мен А-ның арасында пәтерді белгісіз мерзімге жалдау шарты жасалды.

Кейін Ч. мен ЖШС-ның арасында пәтерді сатып алу-сату шарты жасалды.

Алайда жалдау шарты бұзылмаған, жауапкер А. отбасы мүшелерімен қолданыстағы келісімшарт негізінде пәтерде тұруды жалғастырған.

Сот талап қоюдан бас тартты, өйткені бұрынғы меншік иесі Ч. мен жауапкер А-ның арасындағы жалдау шарты белгісіз мерзімге жасалған. Істі сотта қарау кезінде талап қоюшы тарапынан шартты бұзу туралы мәселе туындаған жоқ.

Жұбайын асырауға алименттерді өндіріп алу туралы дау ерлі-зайыптылардың татуласуымен аяқталды

31/08/2022

Сарыарқа аудандық соты жұбайын асырау үшін алимент өндіріп алу туралы дау бойынша медиация тәртібімен келісім жасады.

Тараптар ортақ бала күтімі жөніндегі демалыста болған кезеңінде жұбайын асырауға алименттің мөлшері, оны төлеудің тәсілдері мен тәртібі туралы келісімге келді.

Сот ұйғарымымен келісім бекітілді, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

ЖШС сот орындаушысының талабын орындамағаны үшін өсімпұл төлейді

31/08/2022

Нұр-Сұлтан қ. МАЭС заңды күшіне енген шешімімен S.  ЖШС  М. ЖШС-ға көп пәтерлі тұрғын үйдің атқарушы техникалық және жобалық құжаттамасының көшірмесін акті бойынша беруге мәжбүр болды.

Аталған шешімнің негізінде жазылған атқару парағы бойынша ЖСО борышкерге атқару құжатының орындалғаны туралы хабарламаны табыс етті.

Бұл ретте, хабарламада борышкерге сот орындаушысының талабы орындалмаған жағдайда одан өсімпұл өндіріп алу мүмкіндігі туралы түсіндірілді.

Сот сотқа дейінгі хаттама жасай отырып татуласу келісімін бекітті

31/08/2022

Нұр-Сұлтан қ. МАЭС-ке «И» ЖК «Д» ЖШС-ға 2,6 млн. теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алу туралы талап қоюмен  жүгінді.

Татуластырушы судья татуластыру рәсіміне қатысу үшін тараптардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасады.

Кейін сотқа тараптардан бітімгершілік келісімді бекіту туралы арыз келіп түсті.

Сот жер пайдаланушының құқығын қалпына келтірді

31/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысымен «Т...» ЖШС-не мәдениет ескерткіштерін дайындау, құю бойынша өндірістік-оқу цехын жобалау және салу үшін 28 ай мерзімге жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілген.

2019-2021 жылдар аралығында талап қоюшы жер учаскесін игеру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізді.

Жалдау шартының мерзімі аяқталған соң, талап қоюшы  жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш білдірген.

Тараптар 53 млн. теңгені құрайтын дау бойынша бітімгершілікке келді

31/08/2022

Татуластыру рәсімдері тараптарға дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттеуге және заңға қайшы келмейтін немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын шарттарды өзара айқындауға мүмкіндік береді.
Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының сотына заңды тұлға жеке тұлғадан 56,2 млн.теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алу туралы жүгінген.
Татуластырушы судья тараптарға татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, дауды реттеудің артықшылықтары мен салдарларын түсіндірді.

Жұмыскер жұмыс берушімен еңбек қатынастарының фактісін дәлелдеді

31/08/2022

Азамат Ч. хабарландыру бойынша жеке баспаханаға жұмысқа орналасу туралы өтініш білдірген.

Жұмыс беруші оны баспаханаға жібереді және Ч. екі күн бойы  жұмыс берушінің актісін ресімдеуінсіз баспа көмекшісі ретінде жұмыс жасайды.

Ч. одан әрі жұмысқа тиісті тіркеусіз жұмыс істеуден бас тартқан кезде, жұмыс беруші оны жұмысқа қабылдаудан және жұмыс істеген күндері үшін жалақы төлеуден бас тартқан.

Еңбек инспекциясына жүгінгеннен кейін, Ч. сотта өз құқықтарын қорғауға шешім қабылдады.

Сот пәтерді сатып алу-сату шартты жарамсыз деп таныды

31/08/2022

И. банктен несие алу үшін 2002 жылы өзінің алыс туысы К-ның атына пәтерін ресімдеген.

Алайда 2005 жылы К. үшінші тұлға Б-мен пәтерді сату-сатып алу шартын жасаған, ол туралы И-ге хабарламаған.

Б. даулы пәтерден И-ды шығару туралы сотқа жүгінген кезде ғана И. пәтер бойынша мәміле жасалғанын біледі.

Кейін И. жоғарыда аталған пәтерді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.