Архив событий

22/08/2022

Сотта медиация рәсімінің проблемалық мәселелері талқыланды

22/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында “Медиация рәсімінің проблемалық мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына аудандық соттың судьялары, прокуратура, полиция басқармасы, “Есіл” ауданының полиция бөлімі және медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы Дәуренбек Даумов өзінің алғы сөзінде сотқа дейінгі сатыда да, қылмыстық сот ісін жүргізу барысында да рәсімдерді қолдану кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау және шешудің маңыздылығын атап өтті.

Сот орындаушыларына дәріс өткізілді

22/08/2022

Елордалық әкімшілік соттың судьясы Айбек Амангелдин Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының оқу орталығында онлайн дәріс өткізді.

Дәріс жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыру курстары шеңберінде өткізілді. Тыңдаушылар ретінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен 190-нан астам жеке сот орындаушылары қосылды.

ӘРПК-нің нормаларына сәйкес жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жөніндегі дауларды қарау әкімшілік соттардың ведомстволығына жатады.

Судьялар монополияға қарсы орган қызметкерлеріне арналған дәріс өткізді

22/08/2022

2022 жылғы 19 тамызда елордалық әкімшілік соттың судьялары ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлеріне дәріс өткізді.

Судьялар Бағдагүл Бияхметова мен Айсұлу Құранбек жария-құқықтық даулар бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу тәртібін және медиацияның артықшылықтарын түсіндірді.

Дәріс барысында судья Айбек Амангелдин ӘРПК-нің  негізгі қағидаттарына,  әкімшілік сот іс жүргізуінің ерекшеліктеріне тоқталды.

Жұмыскермен келтірілген материалдық залалды өндіріп алу туралы дау бітімгершілік келісіммен шешілді

22/08/2022

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жауапкерге еңбек шарты және толық материалдық жауапкершілік туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезеңінде Қоғамның өзіне сеніп тапсырылған автокөлігінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғанын дәлелдей отырып, залал сомасын өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінген.

Кінәлі адамдардан ұстаусыз қоғам қызметкер жасаған құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдарды төлеген.

Борышкер сотта сот орындаушысымен татуласты

22/08/2022

Ақтау қаласының №2 сотының 2022 жылғы 2 тамыздағы шешімімен «PR...» ЖШС-ның 22 қызметкері жұмысқа қайта орналастырылды, мәжбүрлі жұмысқа шықпағаны үшін жалақы өндіріп алынды. Бұл бөліктегі шешім дереу орындалуға жатады.

Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-на «PR...» ЖШС-ның атқарушылық іс жүргізуді қозғау бойынша жеке сот орындаушысының іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап келіп түсті. Талаптар жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді аумақтылығы бойынша емес, қозғағанымен негізделген.

Еңбек дауы медиация тәртібімен шешілді

22/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық сотына талап қоюшылар И., Е., Н., М. және Л. атты азаматтардан жауапкер «К.» ЖШС-нен еңбекақысын өндіру туралы талап қою келіп түскен.

Азаматтық істі қозғағанға дейін татуластыру шаралары жүргізілді. Татуластырушы судьяның ықпалымен тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, дау сот медиациясы негізінде реттелді, нәтижесінде ортақ келісімге қол жеткізген тараптар істің бейбіт шешілгенін құптады.