Жаңалықтар

Судьялар мен бизнес өкілдері әкімшілік істер бойынша сот практикасын талқылады

19/04/2024

Тиімді жұмыс істеп тұрған әкімшілік әділет Қазақстанда бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады.

ӘРПК бизнес субъектілерінің жария билік органдарымен құқықтық қатынастарын сотқа дейінгі және сот тәртібімен реттейді.

Бұған дейін Астана қалалық соты мен «Атамекен» ҰКП арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын.

Меморандум аясында «Атамекен» ҰКП алаңында кезекті кездесу өткізілді.

СӘ Департаментінің мамандары бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты

19/04/2024

Maqsut Narikbaev University-де мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, қызмет жолында өсудің жаңа мүмкіндіктерін іздеп жүрген азаматтарға арналған жалпы университеттік Job Fair–2024 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараға СӘ Департаментінің жауапты мамандары қатысты.

Job Fair  жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – университет түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталған.

Жәрмеңке барысында СӘ Департаментінің мамандары университет түлектерін сот саласындағы жаңашыл мүмкіндіктерімен таныстырып, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум жасалды

19/04/2024

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжатқа қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың төрағасы Қажымұқан Мекемтас пен ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов қол қойды.

Сот кенішті жою кезінде жіберілген бұзушылықтарды анықтады

18/04/2024

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ШҚО Табиғат қорғау прокуратурасының «В» ЖШС-не, ҚР ИИДМ Юбилейный-Снегиринский кен орнын жою жобасын жарамсыз деп тану және оның қызметін тоқтату бойынша актінің күшін жою туралы іс қаралды.

2001 жылдан бастап «К» ЖШС Юбилейный-Снегиринский кен орнында полиметалл кендерін өндіру туралы келісімшарт жасалған.

2014 жылғы қосымша келісімшарт бойынша барлық міндеттемелерді орындау «В» ЖШС-нің қарамағына өтті. Келісімшарт мерзімі 2018 жылдың 21 қазанына дейін іске асты.

Сот «Майқайыңалтын» АҚ-ның талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты

16/04/2024

2024 жылдың 4 қаңтарында «Майқайыңалтын» АҚ Майқайың жерасты кенішінің аумағында «КӘАҚҚ» ЖШС қызметкерлері автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен еді.  Нәтижесінде екі адам қаза тауып, қалған екеуі хабар-ошарсыз жоғалған болатын.

 ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының 2024 жылғы 4 қаңтардағы бұйрығымен Еңбек кодексінің 188-бабының 3-тармағына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты өлімге әкеліп соққан жазатайым оқиғаның себептерін тергеу мақсатында комиссия құрылды.

2024 жылғы бірінші тоқсандағы әкімшілік әділет органдарының қызметінің қорытындылары

13/04/2024

2024 жылдың 3 айында елордалық әкімшілік сотқа барлығы – 1022 талап-арыз келіп түсті. Өткен жылы дәл осы кезеңде - 954 талап-арыз берілген. Қазіргі таңда өткен жылдардағыдай азаматтар мен заңды тұлғалар белгілі бір саладағы бұзылған және даулы құқықтарды қорғау, оны қалпына келтіру үшін соттарға жиі жүгінеді.

Көрсеткіштерге сәйкес, талдау кезеңінде сот орындаушыларының іс-әрекеттерінің 45,6%-ы сот тәртібімен заңсыз деп танылған (124 істен 90 талап-арыз қанағаттандырылды).

Бүгінгі таңда кәсіпкерлер көбінесе салық органдарының әрекеттері мен актілеріне дауласады.

Балағат сөздер айтқаны үшін құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды

12/04/2024

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша М.-ге қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).

Істің мән-жайы бойынша М. мас күйінде автобуста болған кезде С.-ның тарапына балағат сөздер айтып, қорлаған. Автобустан шыққаннан кейін де жәбірленушіні қорлап, заңсыз әрекеттерін жалғастырған.  

Өз іс-әрекеттерімен М. қоғамдық тәртіпті бұзып, құрметсіздік танытты.

Ақша бопсалағаны үшін сотталды

12/04/2024

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қорқытып алу фактісі бойынша Қ.-қа қатысты іс қаралды (ҚК 194-бабының 4-бөлігі 2-тармағы).

Айыптаудың мәні 

Қ. (қайын атасы) Х.-тен (күйеу баласы) 20 млн.теңгеден астам қаражат бопсалаған деп айыпталды. 

Сотталушының қызы Ұлыбританияда болған кезінде, жұбайы Х-тің үстінен бала ұрлау фактісі бойынша арыз берген.

Партисипативті рәсім даулы құқықтық қатынастарды тиімді шешудің тәсілі ретінде

11/04/2024

Партисипативті рәсім әр түрлі санаттағы дауларды шешуде адвокаттар мен заң кеңесшілері палаталарының мүшелері арасында біртіндеп қарқын ала бастады.

Астана және Алматы қалаларының адвокаттар алқасының адвокаттары А.Абсадықова мен Н.Гуторованың  кәсібилігінің арқасында Астана қалалық сотының апелляциялық сатысында 5 жылға созылған дау бейбіт жолмен партисипативті рәсімде реттелді.

Тараптар дауды шешудің нақты орындалатын шарттарын анықтап, істі тоқтатуды сұрады.

Сот алқасының ұйғарымымен партисипативті келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Қызметкерден залал сомасын өндіріп алудан бас тартылды

08/04/2024

Лак-бояу материалдары, құрғақ құрылыс қоспалары және әкелінетін өнімдер қоймасының меңгерушісі толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шартқа қол қойған. Қабылдап алу-тапсыру актісі негізінде жауапкер материалдық құнды тауарларды есепке алды.

Түгендеу қорытындысы бойынша 2023 жылдың сәуір айында 5 млн.теңгеден астам сомаға жетіспеушілік анықталды.

Р. - мен еңбек шарты 2023 жылғы 20 қыркүйекте Еңбек кодексінің 49-бабының 5-тармақшасы негізінде қызметкердің өз қалауы бойынша бұзылды.

Беттер