Архив событий

05/08/2022

Сақтандыру компаниясымен сот дауы

05/08/2022

Азаматша Б.  «Евразия» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына төленген сақтандыру сомасындағы айырма сомасын және жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген залалды өндіріп алу туралы талаппен жүгінген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан азаматша Б.-ның автокөлігіне зақым келген.

Кінәлі М. әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жәбірленушіге сақтандыру компаниясы анықтаған 739 292 теңге мөлшеріндегі сақтандыру сомасы төленген.

Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің М.-ге келтірген мәмілені жарамсыз деп тану және тараптарды бастапқы қалпына келтіру туралы талабы бойынша

05/08/2022

Талапкер өтеусіз жекешелендіру туралы 2020 жылғы 03 маусымдағы № 169 шартын жарамсыз деп тану және даулы пәтерді коммуналдық меншікке қайтару жолымен тараптарды бастапқы қалпына келтіру талабымен жүгінген. Талабында жауапкер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 9-тармағын бұза отырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы екінші қызметтік пәтерді өтеусіз негізде заңсыз жекешелендіргенін клетірген.

Сот жауапкерге кедергілерді жоюды міндеттеді

05/08/2022

Азаматша Р. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан жер учаскесімен бірге тұрғын үйді пайдаланудағы кедергілерді жою, атап айтқанда  тұрғызылған қақпалар мен қоршауларды бұзу жөнінде азаматша Г.-ға қойған талабымен сотқа жүгінген. Талабында аралас учаскенің меншік иесі - жауапкер 2021 жылдың маусымында талапкердің келісімінсіз жер учаскелері арасындағы қоршауды бұзып,  талапкердің жер учаскесіне тас қоршау салғанын және  талапкердің жер учаскесіне қарама-қарсы қақпа орнатқанын көрсеткен.

Сот баланың әкесін ата-ана құқығынан айырудан бас тартты

05/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешіміне талапкердің апелляциялық шағымы бойынша келіп түскен Е.-нің Б.-ны ата-ана құқықтарынан айыру туралы талабы бойынша азаматтық істі қараған.

Тараптардың 2005 жылы туған кәмелетке толмаған баласы бар. Талапкер Е. - анасы, жауапкер Б. – әкесі болып табылады.

Олардың арасындағы неке 2009 жылы бұзылған.

Сотпен балабақша тәрбиешісін жұмысқа қалпына келтіруден бас тартылды

05/08/2022

Азаматша Д. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ясли-сад» бақшасына қатаң сөгіс жариялау және жұмыстан босату туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану, жұмысқа қайта алу туралы, жұмыстан мәжбүрлі шыққан кезінде жалақысын өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды келтіре отырып, сотқа жүгінген.

Сот талапкерлерге қалыңдық үшін берілген қалың малды қайтару туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты

05/08/2022

Талапкерлер Ж. мен  А. сотқа «Сырға салу» ұлттық әдет-ғұрпы бойынша салт-дәстүр кезінде қалыңдық жаққа берілген қалың мал мен мүлікті (тон, зергерлік жиынтықтар, костюмдер және т. б.) бұрынғы құдасы – жауапкер С.-дан алдырып қайтарып алу туралы талаппен жүгінген.

Талапкерлер мен жауапкердің балаларының некеде тұрғандары анықталған.

2021 жылдың сәуірінде жастар арасындағы неке бұзылған.

Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

Дау бейбіт түрде шешілді

05/08/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотымен Л.-дің үйді жалдағаны үшін 15 млн. теңге мөлшеріндегі берешек сомасын өндіру туралы Э.-ге қойған талабы бойынша татуластыру рәсімі жүргізілді.

Талапта жауапкер Э.-нің 2014 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың тамызына дейін даулы үйде отбасымен бірге тұрғаны, қолхаттарға сәйкес ол жалдау бойынша қарызын ішінара мойындағаны, бірақ міндеттемелерін орындамағаны және қарызды қайтармағаны негізделген.

Сот шешімімен талаптан бас тартылған.