Зейнеткер қарызды қайта қаржыландыру туралы өз құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан  қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы әкімдік жанындағы ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тартқан қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссия шешімінің күшін жою және заңсыз деп тану туралы банктің талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы Нұр-Сұлтан  қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Істің мән-жайлары

Азаматша С. 2007 жылы пәтер құрылысына үлестік қатысу шартын жасап, осыған байланысты банктен 12 миллион теңгеден астам сомаға, жылдық 13% сыйақы мөлшерлемесімен, өтеу мерзімі 2023 жылғы шілдеге дейін қарыз алған.

Шарт бойынша пәтер банктік қарыз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін компанияның кепіліне берілген.

Қарыз алушы – жас ерекшелігіне байланысты зейнеткер, халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.

2014 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде Банк берешекті сот тәртібімен өндіріп алу бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асырған.

5 миллион теңгеден астам берешек қалдығының болуына байланысты қарыз алушы банктің атына қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен жүгінген.

Алайда, Банк қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптарына сәйкес келмегендіктен арызды қанағаттандырудан бас тартты. Сондықтан азамат С. қала әкімдігі жанындағы қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссияға жүгінген, ол оның талабын қанағаттандырған.

Бағдарламаның шарттары бойынша Комиссияның ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру туралы шешімін Банк орындауға тиіс.

Банк комиссияның бұл шешіміне сотта дау айтты.

Сот шешімі

Елорда соттары Банктің талабын қанағаттандырудан бас тартты, себебі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң бойынша арыз иесі халықтың әлеуметтік осал тобына жатады.

Сот даулы акт қарыз алушыны Банк алдындағы міндеттемелерден босатпайтынын, тек сыйақы мөлшерлемесін 3% - ға дейін және зейнеткердің борыштық жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қарызды қайта қаржыландыру туралы комиссияның даулы шешімі Банктің заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқпайды, өйткені Бағдарламада көзделген тетік кредитордың мүліктік мүдделерін толық көлемде қорғауды қамтамасыз етеді.

Жергілікті соттардың сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі