Сот елорда тұрғынының тұрғын үй кезегін қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елорда тұрғыны Р. 2012 жылы «1 және 2 топтағы мүгедектер» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтар есебіне қойылған.

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бұйрығымен Р. кезектен шығарылған.

Қабылданған шешім туралы ол тиісті түрде хабардар етілмеген.

Ол өзін кезектен шығару туралы бұйрыққа қатысты талабымен елордалық әкімшілік сотқа шағымданып жүгінген.

Есептен шығаруға негіз ретінде талапкердің меншік құқығына 1992 жылы туындаған Ақмола облысындағы пәтер үлесінің ¼ бөлігі тіркелген деп көрсетілген.

Сот әкімдіктің талапкерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебіне қою кезінде жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарының жоқ екенін анықтағанын айқындады.

Қазіргі уақытта талапкердің ¼ үлесі бар пәтері тұруға жарамсыз. Бұл жағдай ұсынылған фотосуреттермен расталған, үй қираған, электрмен, сумен жабдықталмаған, орталық жылу жоқ.

ӘҚБтК-нің 13-бабына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарында қорғалады.

Әкімшілік кодексінің 10-бабында Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді. Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс. 

Сонымен қатар, 2012 жылы тұрғын үй алуға мұқтаж адамдарды есепке қою кезінен 2020 жылы тұрғын үй алуға мұқтаж адамдарды кезектен алу күніне дейін Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі талапкерге кезекке қоюға кедергі келтіретін жағдайлар туралы хабарламаған.

Сот жауапкердің талапкерді тұрғын үй алуға мұқтаждар кезегінен шығару бөлігіндегі бұйрығы ӘРПК-нің сенім мен мөлшерлестік құқығын қорғау қағидаттарын бұза отырып шығарылған деген қорытындыға келді.

Сот шешімі апелляциялық алқамен күшінде қалдырылды.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты