Елорда тұрғыны сотта емхана қызметкерлерімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 12 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-на азаматша С.-дан әрекетсіздікке дау айту және залалдарды өндіріп алу туралы №... қалалық емхана әкімшілігіне талап келіп түсті.

Талап талапкердің 2022 жылдың наурыз айында мүгедек мәртебесін ұзарту үшін медициналық мекемеге жүгінгендігімен уәжделген. Емхана қызметкерлерінің әрекетсіздігі нәтижесінде құжаттар тиісті мерзімнен кеш беріліп, осыған байланысты талапкер өзіне тиесілі төлемдер мен жәрдемақыларды 1 ай ішінде алмаған.

ӘРПК-нің 132, 160-баптарына сәйкес талапкер дау айту туралы талаппен бір уақытта осы талаптармен себеп-салдарлық байланыстардағы залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

Татуластыру рәсімінің барысында судья татуласу туралы келісім жасасу арқылы дауды аяқтау мүмкіндігін, оны жасасудың салдары мен артықшылықтарын түсіндірді.

Тараптар келісімге келді, оның шарттары бойынша талапкерге 140 мың теңгеден астам сомада құжаттардың уақтылы ресімделмеуіне байланысты шығындарды бір жұмыс күні ішінде өтеуге міндеттенеді.

Осылайша, соттың белсенді рөлі қағидатын іске асырудың арқасында судья дауды ықтимал шешуге қатысты алдын ала құқықтық пікір білдірді, қысқа мерзімде татуласу туралы келісім бекітілді, талап қоюшының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Келісім жасалғаннан, оған қол қойылғаннан және оны сот бекіткеннен кейін әкімшілік талап қайтарылды.

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты