Апелляциялық сатыдағы сот адал ниетті азамат пен оның отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Е. басқа тұрғын үй берместен бірге тұратын барлық адамдармен бірге тұрғын үйден шығару туралы Ж.-ға қатысты талаппен сотқа жүгінген.

Ж. қарсы талап қойып, жер учаскесін сонда орналасқан тұрғын үймен бірге сатып алу-сату жөніндегі мәмілені жарамды деп тануды сұраған.

Бірінші сатыдағы сот Е.-нің қойған талабын қанағаттандырған және Ж.-ның отбасын үйден шығарып, ал қарсы талапты қанағаттандырудан бас тартқан.

Алқа Ж.-ға жер телімін Е.-нің өзі бергенін, алдағы уақытта осы келісімді оның мердігерлік шарт бойынша бұрын атқарған жұмыстары үшін есеп айырысу ретінде заңдастыруға уәделескенін ескерген.

Осы ретте, Е. өзінің жалға алған жер учаскесіне меншік құқығын тіркегеннен кейін жер учаскесін сатып алу-сату шартын ресімдеуге уәде берген.

Ауызша келісім Е.-нің осы жер учаскесіне билік ету және пайдалану, оны ресімдеу, сату және ол үшін ақша алу құқығына Ж.-ға бірнеше рет сенімхат бергендігімен расталған.

Мәміле жасасу туралы ауызша келісімге сәйкес, Ж. жер учаскесін Е.-нің атына тіркеу үшін құжаттарды ресімдеуге кіріскен, сондай-ақ өз қаражаты есебінен даулы жер учаскесінде өз отбасы үшін 2007 жылдан бастап тұрғын үй тұрғыза бастаған. Ол осы үйді өз күшімен салып бітірген.

Үй 2017 жылы салынып, пайдалануға берілгеннен кейін, Ж. бес жылдан астам уақыт бойы отбасымен және туыстарымен бірге осы үйде тұрған.

Алайда, Е. жер телімін өзінің атына тіркегеннен кейін Ж.-ны үйден сот арқылы шығаруды талап еткен.      

Сот алқасы Ж.-ны үйден шығару туралы шешімнің күшін жоя отырып, Е. тұрғын үй құрылысының басталуы, оның пайдалануға берілгені және 2017 жылдан бастап Ж.-ның осы үйде отбасымен бірге тұратыны туралы білгенін ескерген.

Бұл ретте Е. үйдің құрылысына ешқандай кедергі жасамаған, жер учаскесін талап ету шараларын қолданбаған.

Керісінше, жер телімін ресімдеу және иелік ету үшін  2012 жылдан бастап 2018 жыл қоса есептелген уақытқа дейін Ж.-ға нотариус арқылы ресімделген үш сенімхат берген.

Үй салынып, пайдалануға берілген соң және ол құнды активке айналғаннан кейін Е. адамгершілікке жатпайтын іс-әрекет жасап, Ж. мен оның он бір кәмелетке толмаған балалары бар туыстарын үйден шығару туралы талап қойған.

Алқа аталған негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, Ж.-ны үйден шығарудан бас тартты және Е.-мен екі арада жасалған жер учаскесін сатып алу-сату шартын жарамды деп таныды.

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі