Ананың жас баласына қамқорлық таныту бойынша ата-аналық міндеттерін орындамауы отбасындағы қайғылы жағдайға алып келді - бала қайтыс болды, ал екінші баланы отбасынан алып қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан  қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Нұр-Сұлтан  қаласының білім басқармасы» ММ-нің К-ге оның үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру және алимент өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады.

ММ-нің талабы жауапкердің кіші қызын рұқсат құжаттарынсыз үйде жұмыс істейтін жеке меншік бала-бақшаға тәулік бойы тұруға бергендігімен негізделген. Бала-бақшаға ақы төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Үлкен қызы әжесінің бақылауында болған. Осылайша, анасы бала тәрбиесінен шеттетілген.

2022 жылғы сәуірде жеке үйдегі бала-бақшада  болған кіші қыз қаза болған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Баланың денесінде көптеген дене жарақаттары болған.

Сот шешімімен К. үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді, баланың болашақ тағдырын анықтау үшін үлкен қызы «Нұр-Сұлтан  қаласының білім басқармасы» ММ-ге берілді. Анасынан алимент өндіріп алынды.

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты