Сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 393-бабы бойынша М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында 2016 жылғы 04 шілдеде Өзбекстан Республикасының азаматы М-ның ұсталғаны анықталды, ол бұрын мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығарып жіберу туралы әкімшілік жазаға тартылған. Алайда М. оған қатысты қабылданған елден шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған. 

Сот үкімімен М. кінәлі деп танылды және оған Қазақстан Республикасы аумағынан тыс 5 жыл мерзімге шығарып жіберу және 25 АЕК мөлшерінде айппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының Баспасөз қызметі