Архив событий

28/07/2016

Сот мұрағатының жұмысын ұйымдастыру

28/07/2016

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотында сот мамандары үшін «Сот мұрағатының жұмысын ұйымдастыру» атты семинар сабақ өткізілді.

Сот мұрағатының бас маманы А. Уақбаева соттардағы мұрағат жұмысы сотта іс жүргізудің құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

«Заң шеңберінде» бағдарламасында судьяның сөз сөйлеуі

28/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.К. Кәрімова «Мемлекеттік құрылымның әрекеттері мен әрекетсіздігі» тақырыбында өткен ТДК-42 арнасындағы «Заң шеңберінде» бағдарламасына қатысты.

Судья А.К. Кәрімова құқығы бұзылған адамдар шешімге, мемлекеттік билік органдарының әрекеттеріне және/немесе әрекетсіздігіне шағымдануға құқығы бар екенін атап өтті.

Алматы ауданының №2 аудандық соты семинар сабақ өткізді

28/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында сот мамандарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы магистранттарының, сондай-ақ судьялыққа кандидаттардың қатысумен «Сот кабинеті» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша семинар өтті

28/07/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша семинар сабақ өтті.

Семинар сабақ модераторы ретінде кеңсе меңгеушісі А.К. Сұлтанова сөз сөйледі.

Жұмыс барысында А.К. Сұлтанова сот отырысының қайта тағайындалған мамандары мен хатшылары үшін түсіндіру сұхбатын жүргізді, оларды елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының басты ережелерімен таныстырды.

Кісі өлтірудегі қылмыстық жауаптылық

28/07/2016

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында К-ге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот, 2016 жылғы  22 мамырда сотталушы К. Астана қаласының үйлерінің біріндегі  жалға алынған бөлмеде болып, жәбірленуші А-мен сөзге келгенін, ары қарай төбелеске айналғанын анықтады.

Сотталушы К. жәбірленуші А-ның мойын тусына ас пышағымен соққы жасап, оның салдарынан соңғысы қаза тапты.

Сот медиациялық келісімді бекітті

28/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Т» ЖШС-ның «Н» ЖШС-на қатысты берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібіндегі дауларды реттеу туралы келісімді бекіткенін, оған сәйкес жауапкер берешек сомасын төлеуге міндетті болғанын, ал талапкер  өз кезегінде жауапкерге қатысты өзінің материалдық-құқықтық талаптарынан бас тартып отырғаны анықталды.

Экономикалық сотта үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел шарасы өтті

28/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот кабинеті» электрондық сервисін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел шарасы өтті.

Іс-шараға судья Н.В.Ситникова, кеңсе меңгерушісі А.И. Донской, «Қоғамдық қорғаушы» РҚБ-ның, «Атакент» ҚБ-ның, «Атамекен» КҰП-ның өкілдері қатысты.