Архив событий

27/07/2016

Астананың нотариалдық палатасының төрағасына және Астана қаласы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасарына қатысты үкім шығарылды

27/07/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі бойынша (пара алу) А.К. Ракишевке және ҚР ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігі бойынша (парақорлыққа делдалдық) Ж.С. Арыстановқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот С.Б. Матаевқа және А.С. Матаевқа қатысты қылмыстық істі сот өндірісіне қабылдады

27/07/2016

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы 245 бабының 3 бөлігі 177-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы бойынша айыпталған Сейтқазы Бейсенғазыұлы Матаевқа және ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (16.07.1997 жылғы редакцияда) бойынша айыпталған Асет Сейтказыұлы Матаевқа қатысты   қылмыстық істі өндіріске қабылдады.

Іс бойынша алдын ала тыңдау 2016 жылғы 3 тамызға сағат 10.00 тағайындалды.

Астана қаласының әкімшілік сотында электрондық құжат айналымын талқылау бойынша дөңгелек үстел шарасы өткізілді

27/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында электрондық құжат айналымы мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Осы іс-шараға сот судьялары, «Ана» мүгедектер аналары ҚБ-нің басшысы Г.Т.Арынғазиева, прокурор К.Г.Әбдіханов, адвокат Б.Б.Әлбаев, юрист С.С.Сүлейменова, «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ инспекторы А.С.Қарымсақов, ӘПБ аға инспекторы  А.М. Әбілқасымов және көші-қон полициясының капитаны Ж.А.Тұяқов қатысты.

Сот «ЭКСПО» ісі бойынша апелляциялық шағымдарды қарады

27/07/2016

2016 жылғы 7 маусымда Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты прокурормен процестік келісім жасаған, ЭКСПО-2017» ҰК-ның 12 лауазымдық тұлғаларға қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша келісу іс жүргізуінде барлық сотталушылар олар жасаған қылмыстары бойынша кінәлі деп танылды және процестік келісім шарттары бойынша жазаның әртүрлі шараларымен сотталды.