Архив событий

19/07/2016

Есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік

19/07/2016

Астана қаласының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296 бабы, 4, 380 бөлім, 2 бөлімі бойынша айыпталушы К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, 2016 жылғы 13 наурызда сотталушы К. өткізу мақсатынсыз аса ірі көлемде « марихуана» есірткі затын сақтағаны анықталды.

Сот соманы өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

19/07/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ж» ЖК-нің «Рудпромснаб» ЖШС-на қатысты берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында, 2015 жылы талапкер мен жауапкер арасында  мәміле жасалғаны, оған сәйкес талапкер жауапкерге автокран қызметін көрсеткені анықталды.

Алайда жауапкер тарапынан автокран қызметін төлеу бойынша міндеті орындалмаған.

Сот іс материалын зерттей отырып, талап арыздың талаптарын қанағаттандырды. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Сот медиациялық келісімді бекітті

19/07/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «В» ЖК-нің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті» РМК-ға жылжымайтын мүлікке жекеменшік құқығын тіркеу бойынша құқықтық кадастрды енгізуді көрсету бойынша іс-әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық ісі қаралды.

Ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл

19/07/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот, Т-ң. кәмелетке толмаған баласы Е-нің заңды өкілі бола тұрып, оның тәрбиесімен айналыспайтындығын, соның салдарынан оған  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлімінің 1), 2), 3) тармақтарымен көзделген қылмысты жасауына жол бергенін  анықтады.

Алматы ауданының № 2 аудандық сотында мамандар арасында семинар өткізілді

19/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында аудандық сот магистранттары мен мамандарының қатысумен «Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясы» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Өз сөзінде бас маман К. Әбілмажинова әрбір адам қандай да бір өзгешіліктерге, нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да көзқарасына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктілігіне, сословиелік немесе басқа жағдайларға қарамастан шынайы декларациямен жарияланған барлық  құқықтар мен еркіндіктерге ие болуы тиіс деп айтты.

Сот компьютер клубының әкімшісін әкімшілік жауапкершілкке тартты

19/07/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Н-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот, 2016 жылғы 30 сәуірде шамамен сағат  23.30-да «Дымовая» компьютер клубының әкімшісі болған Н-ның түнгі уақытта кәмелетке толмағанның ойын-сауық мекемесінде заңды өкілдерінің ілесіп жүруіне болуына жол бергенін анықтады.

Сот қаулысымен Н. әкімшілік жауапкершілкке тартылды  және 44 541 теңге сомасындағы айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Кәмелетке толмағанның қылмыстық жауапкершілігі

19/07/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған Ж-ға қатысты ҚР ҚК-нің 175 бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот, 2013 жылғы қырқүйекте сол кезде кәмелетке толмаған сотталушы Астана қаласының жеке ТҚКС-да автоэлектрик ретінде қосымша ақша тауып жүріп, «Фольксваген Пассат Б-5» маркалы автокөлігінің бөлшектері мен агрегаттарын, бөтеннің мүлкін ұрлауға бағытталған оңай олжа пайдақорлығының соңына түскенін анықтады.