Архив событий

12/07/2016

Есіл аудандық сотында брифинг өткізілді

12/07/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы соттың сандық және сапалық көрсеткіштерін жариялады. Мәселен, жыл басынан сотқа 3 452 талап қою арыздары келіп түскен, оның 2 081 ісі шешім шығарумен аяқталған.

2016 жылдың 6 айында медиация тәртібінде 104 азаматтық іс қаралған және 35 азаматтық іс тараптардың бітімгершілік келісім бекітуіне байланысты тоқтатылған.

Залалдың орнын толтыру туралы дау медиация тәртібінде шешілді

12/07/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында аз.П-ның аз.Ж-ға пәтерді суға толтырумен келтірілген материалдық задалдың және  моральдық зиянның орнын толтыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тапаптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітті, оның шарты бойынша жауапкер талапкерге пәтерді суға толтырумен келтірілген материалдық задалдың және  моральдық зиянның өтемақысын төледі.

Сот ұйғарымымен іс медиация тәртібінде тоқтатылды.

Сот пайдалану шығысын төлеу бойынша берешекті өндірді

12/07/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында «К» (ПИК) ЖШС-нің азамат Б-ға қатысты пайдалану шығындары бойынша борыш соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот «К» ЖШС-гі жауапкер тұратын тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйым болып табылады.