Архив событий

20/07/2016

Танысын өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

20/07/2016

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қарады. Сот, сотталушы А-мен оның танысы К-нің спирттік ішімдік ішу кезінде сөзге келгендерін, оның барысында соңғысы жәбірленушіге ас үй пышағымен 11 соққы келтіргенін анықтады. 

Сот қаулысымен А. кінәлі деп танылды және 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қоғамдық тәртіпті бұзғандары үшін қылмыстық жауапкершілік

20/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот, 2016 жылғы 28 ақпанында Астана қаласындағы «Огонек» дүкені жанында сотталушы Т-мен жәбірленуші М-ның араларында жанжал шығып, ол кейін төбелеске алып келген.  Төбелес арысында, сотталушы Т. жәбірленуші М-ға көптеген пышақ жарақатын келтірген, осыдан кейін ол оқиға орнынан таса болған.

Сотталушы Т. қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сот медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді бекітті

20/07/2016

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «К» АҚ-ның қызметкерлерінің еңбекақыны өндіріп алу туралы 9 азаматтық ісін қарады.

Сот, «К» АҚ-ның еңбекақыларын өз қызметкерлеріне себепсіз еңбекақы төлемегенін анықтады.

Сот отырысы барысында әр жеке азаматтық іс  бойынша тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітті.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылық

20/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 393-бабы бойынша М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында 2016 жылғы 04 шілдеде Өзбекстан Республикасының азаматы М-ның ұсталғаны анықталды, ол бұрын мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығарып жіберу туралы әкімшілік жазаға тартылған. Алайда М. оған қатысты қабылданған елден шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған. 

Сот банктің талап арызын қанағаттандырды

20/07/2016

Астана қаласы Есіл аудандық соты «Цеснабанк» АҚ-ның аз. О-ға қатысты кепілге салынған мүлікті беруге міндеттеу туралы талап арыз бойынша азаматтық ісін қарады.

Сот, банк пен аз. О-ның араларында банк қарызы бойынша шарт жасалғанын анықтады, оның талаптары бойынша банк жауапкерге 60 айға қарыз берген.

Банк алдындағы міндеттемені орындауын қамтамасыз етуде, көлік құралын кепілге салу туралы шарт негізінде қарыз алған ақшаға сатып алынған автокөлік банкке кепілге ұсынылған.