Архив событий

05/07/2016

«Рояль» ойын клубында жасалған ұрлық

05/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған А-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот, 2015 жылғы 02 тамызда сотталушы А-ң.  Астана қаласындағы «Рояль» ойын клубында болып, «Sony Play Station» маркалы ойын приставкасын және «Lenovo» маркалы  ноутбугін ұрлағанын анықтады.

Сот талқылауының барысында тараптар медиативтік келісім ұсынды.

Тараптар сот залында татуласты

05/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 18 мамырда С-ң автобус салонында ұялы телефонды ұрлағанын анықтады.

Сот отырысы барысында тараптар сотқа жәбірленуші және сотталушы арасындағы дауды реттеу туралы медиативтік келісімді ұсынды.

Алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылық

05/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталушы К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта К. экс-адвокат бола отырып, жер телімі бар үйді жымқыруға байланысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны анықталды.

Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурор мен сотталушы арасында кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалды.