Архив событий

15/07/2016

2016 жылдың І жартыжылдығының жұмыс қорытындылары бойынша Алматы аудандық сотында брифинг өткізілді

15/07/2016

Астана қаласы Алматы аудандық сотында осы соттың 2016 жылда атқарылған жұмысын қорытындылауға арналған брифинг өтті.

Іс-шараға Алматы аудандық сотының төрағасы Ғ.П.Нәсірдінов, судьялар, сот мамандары, сондай-ақ БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Брифинг барысында сот жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштері атап өтілді. 

Есіл аудандық сотында жиын өткізілді

15/07/2016

Астана қаласы Есіл аудандық сотында ар-намысты, іскерлік беделді реттейтін заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша жиын өткізілді. 

Іс-шараға Астана қаласы сотының судьясы  Мирзоян Т.Ю., сот төрағасы және судьялар қатысты.

Жұмыс барысында судьялар көрсетілген жеке мүліктік емес құқықтарын қолдану тәсілдері туралы заңнаманы қолдану бойынша пікірлерімен алмасты.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесі бойынша қатысушылар өзекті мәселелерді және оларды шешу тәсілдерін анықтады.

Сарыарқа аудандық соты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді

15/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбына үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.

 Іс-шараға сот төрағасы А. Жүкенов, судьялар, «Consumer s advocate»  тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік өкілі Быковец  Г. және басқа да шақырылғандар қатысты.

Сот төрағасы іс-шара қатысушыларына оның мақсаты мен міндеттерін түсіндірді, сот жүйесімен ҮЕҰ-дың байланыстарының маңыздылығын атап өтті.

№ 2 Алматы аудындық сотында семинар сабағы өткізілді

15/07/2016

Астана қаласы Алматы аудынының № 2 аудандық сотында сот төрағасы А. Ақылбайдың және сот  судьяларының қатысуларымен «Ақтау үкімін шығару. Ұлттық және халықаралық құқық  талаптары» атты тақырыбына семинар сабағы өтті.

Семинар сабағы шеңберінде қатысушылар Ресей Федерациясының, Украинаның қылмыстық заңнамасын, сондай-ақ Нидерланданың тәжірибесіндегі ақтау үкімдерін шығаруын талқылады.

Ұялы телефон ұрланды

15/07/2016

Астана қаласы Сарырқа ауданының № 2 аудандық сотында С-ға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармақшасы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот, 2016 жылдың 01 мамырында С. Астана қаласының «Арман» ауданында болып, жәбірленуші Т-ға жұдырықпен соққы келтірген және ашық түрде «Самсунг Дуос»  ұялы телефонын ұрлап кеткенін анықтады.

Сот оқуға бөлінген қарыз ақшаны тәркіледі

15/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының соты «С. Сейфуллин атындағы қазақ агро университеті» АҚ-ның аз. А-ға қатысты берешек сомасын өндіріп алу туралы  азаматтық ісін қарады.

Сот, 2012 жылы, «С. Сейфуллин атындағы қазақ агро университеті» АҚ-ның  және жауапкер А-ның араларында бакалаврларды нысаналы даярлауға күндізгі оқыту нысаны бойынша шығынын толық өтеу шарты жасалғанын анықтады.

Билік өкіліне қатысты зорлық қолдану

15/07/2016

Астана қаласы № 2 Сарыарқа ауданы ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот, отырысында Р. кезекші бөлімінде ҚР ІІМ-нің нысанды киімдегі өзінің қызметтік міндеттерін атқарушы қызметкер Ж-ға бас салғаны анықталды.

Сот үкімімен  Р. кінәлі деп танылды және оған 500 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жазалау тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сот жолсерікті жұмысқа қайта орналастырудан бас тартты

15/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының аудандық сотында «Жолаушылар тасымалдау» АҚ-ның «Северный» жолаушылар тасымалдау өңірлік филиалына қатысты еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта қабылдау, мәжбүрлі жұмысты босатқан уақытына еңбекақы төлеу  туралы азамат К-нің  талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот, аз. К-нің «Жолаушылар тасымалдау» АҚ-дан жолаушылар тасымалдау жолсерігінің лауазымдық нұсқаулығын бұзғаны, жолаушыны билетсіз тасымалдағаны үшін жұмыстан босатылғанын анықтады.

Елордалық сот төрағасы мен Астана қаласының әкімі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

15/07/2016

Астана қаласы сотының төрағасы Тлектес Ешеевич Барпибаев және Астана қаласының әкімі Әсет Орентайұлы Исекешов Татуласу рәсімдері институтын дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сот Өзбекстан Республикасының азаматын шекарадан тыс шығарып жіберді

15/07/2016

Астана қаласы № 2 Алматы ауданы ҚК-нің 393-бабы бойынша айыпталушы У-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот 2016 жылғы 04 шілдеде, полиция қызметкерлері бұрын Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылған  аз. У-ды ұстағанын анықтаған. Алайда, аталмыш қаулы заңды күшіне енгеннен кейін аз. У. оған қатысты қабылданған шешімді орындамаған.

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысын шығарды

15/07/2016

Астана қаласы Есіл ауаданының № 2 аудандық сотында  сот төрағасының, судьялардың және сот мамандарының қатысуларымен  2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысына қатысты жиын өткізілді. 

Сот төрағасы А. Құрмантаев сот төрелігін іске асыру сапасы және сот жұмысының қорытындысы туралы айтып берді.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотын 244 қылмыстық іс келіп түсті, оның ішінде 181 қылмыстық іс қаралды.