Архив событий

22/07/2016

Сот бұрынғы модельер пайдасына шешім шығарды

22/07/2016

Астана қаласының Есіл аудандық соты аз.А-ның «N» ЖШС-ге қатысты еңбекақыны өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талапкер А-ң  26.10.2015 ж. - 03.12.2015 ж. аралығында модельер болып жұмыс істегенін, алайда еңбекақысы төленбегенін анықтады.

Сот істің материалдарын зерттей келе, «N» ЖШС-нен еңбекақы бойынша берешегін өндіре отырып, аз.А-ның талап арыз талаптарын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Есіл аудандық сотында семинар сабақ өтті

22/07/2016

Астана қаласының Есіл аудандық соты Астана қалалық сотының судьясы Т.Ю.Мирзоянның, сот төрағасының және судьяларының қатысуымен семинар сабақ өтті.

Семинар сабақта қатысушылар 2016 жылдың бірінші жартыжылдығанда жоғары тұрған сот сатыларымен Астана қаласы Есіл аудандық сотының сот актілерінің күшін жою және оларды өзгерту себептері талданды.

Есірткі құралдарын қолдану

22/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігі бойынша аз.Ж-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот 2016 жылғы 21 маусымда Ж-ң Астана қаласындағы үйлердің  бірінің 14-қабатындағы баспалдақ алаңында шегу арқылы каннабиодтары бар есірткі құралдарын пайдаланғаны анықтады.

Сот талқылауы барысында жауап алынған сотталушы Ж. қойылған кәнісін толық мойындады.

Сот үкімімен Ж. кінәлі деп танылды және оған 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Сот берешекті өндіріп алу туралы талап арызды жартылай қанағаттандырды

22/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Түзету мекемесінің «Еңбек-Өскемен» ӨШЖ-дегі РМК-ның «К» ЖШС-не қатысты берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысы барысында тараптар арасында шарт жасалғаны, оған сәйкес жауапкер «ШҚО, Жармин ауданы, Солнечный кентінде 64-пәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеуі» нысанында құрылыс-монтаж жұмысын орындау бойынша міндеттерді тапсыратыны, ал талапкер оны қабылдайтыны анықталды.

Судья «Серпіліс» бағдарламасында сөз сөйледі

22/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының  судьясы А. Күлбаева «Серпіліс» бағдарламасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» атты тақырыпта сөз сөйледі.

Өз сөз сөйлеуінде судья 2015-2016 жылдардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша тіркелген істер бойынша статистикалық мәліметтерді атап өтіп, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы айтып берді.

«Қазақстан» спорт кешенінің маңында жасалған тонау

22/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша сотталушылар З-ға, Н-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот талқылауы барысында 2016 жылғы 19 ақпанда З. және  Н.-ң «Қазақстан» спорт кешенінің маңында жәбірленуші А-дан Айфон 6 маркалы ұялы телефонды ашық түрде ұрлағаны анықталды.

Сот үкімімен З. және  Н. кінәлі деп танылды және оларға мүлкі тәркілене отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.