Архив событий

26/07/2016

«Серпіліс» бағдарламасында судьяның сөз сөйлеуі

26/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының судьясы Б. Бияхметова «Серпіліс»  бағдарламасында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбына баяндама жасады.

Өз баяндамасында судья  2015-2016 жылдарға тұтынушылардың құқықтарын бұзу туралы келіп түскен арыздары бойынша белгіленген статистикалық деректерді атап өтті, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» айтып берді.

Сот экс-бортсерігін оқуға қарызын төлеуге міндеттеді

26/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының сотында аз. П-ға қатысты берешекті өндіріп алу туралы «Эйр Астана» АҚ-ның талап арызы бойынша жеңілдетілген іс жүргізуде азаматтық іс қаралды.

Сот, тараптар арасында оқу шарты жасалғанын, оның шарттары бойынша компания «Initial Training» бағдарламасымен, сондай-ақ  Алматы қаласында «әуе көлігі бортының сыртында бірінші медициналық жәрдем беру» алғашқы курсына аз. П-ны оқуға жолдағаны және оқудың төлемақысының төленгендігі анықталды.

Есіл аудандық соты дөңгелек үстел өткізді

26/07/2016

Есіл аудандық сотында «Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы және судьялар, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма басшысы Жүнісова Н.А., «Атакент» «Адамдар және тұтынушылар құқығын қорғау»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Федосеев С.Г., «Әділет» «Адамдар және тұтынушылар құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Саттықова К. қатысты.

Есіл ауданының № 2 аудандық соты дөңгелек үстел өткізді

26/07/2016

Есіл ауданының № 2 аудандық сотында бүгін судьялардың және сот мамандарының, медиаторлардың, Астана қаласы Есіл ауданының заң кеңесінің адвокаты, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы сот төрелігі академиясының магистранттары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында кеңсе меңгерушісі Ерназарова Ж.А. сот төрелігінің қолжетімділігі мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» жүйесін әзірлегенін айтып өтті. 

Сот қызметкерлері экологиялық акция өткізді

26/07/2016

Астана қаласы Есіл ауданы сотының қызметкерлері аумақтарды тазарту бойынша экологиялық акция өткізді.

Осы іс-шараның мақсаты - елордамызға жақын орналасқан аудандардағы табиғаттың жай-күйі мәселелеріне тұрғындардың назарын аудару болып табылады.

Сот кеңсесінің меңгерушісі А.К Сұлтанова атап өткендей, «Азаматтарға туған қалаларының табиғатын қамқорға алуға және оны сақтау» қажет.

Есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық

26/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

 Сот талқылауы барысында, 2016 жылғы 22 сәуірде Қызылжар бекетінде полиция қызметкерлері М-ды ұстағаны, оның автомашинасының ішінде өткізу мақсатынсыз салмағы 1,1769 гр.      «марихуана» есірткі затын сақтағаны анықталды.

Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша М-ң нашақорлық масаң күйде болу фактісі анықталды.

Сот медиативтік келісімді бекітті

26/07/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «П» ЖШС-ның «Т» ЖШС-на берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысының барысында тараптар медиативтік келісім бекітті, оның шарты бойынша  жауапкер басты қарыздың сомасын және өкілеттілік шығыстар сомасын төлеуге міндеттелінді, жауапкерге мәлімделген талаптардан және толық көлемде мерзімі өткен негізгі қарызды толық мөлшерде төлеуге  және тұрақсыздық сомалары алып тасталды.

Тұрғылықты үйдің кіреберісінде орын алған тонау

26/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша айыпталушы К-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот талқылауы барысында 2016 жылғы 3 сәуірде сотталушы К. Астана қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде, жәбірленуші Ш-ға қатысты дене күшін қолдана отырып, одан ұялы телефоны мен ақшалай қаражат  талап еткені анықталды.

Сот үкімі бойынша сотталушы К. кінәлі деп танылды және оған мүлкін тәркілей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.