Архив событий

07/07/2016

Есіл аудандық сотында 2016 жылғы бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысын шығарылды

07/07/2016

Астана қаласы Есіл аудандық соты 2016 жылғы 6 айына сот жұмысының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Д.Әбдуғалиев, судьялар және сот мамандары қатысты.

Іс-шара барысында сот жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштері атап өтілді. Статистикалық деректерге сәйкес, 2016 жылдың 6 айы ішінде Астана қаласы Есіл аудандық сотына барлығы   3452 талап арызы келіп түскен, оның ішінде 2081 іс шешім шығарыла отырып аяқталған.

Сот жауапкерді оқуға төлемақы қарызын төлеуге міндеттеді

07/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту» КММ-ң  оқуға жұмсалған соманы өндіріп алу туралы аз. М-ға қатысты азаматтық істі қарады.

Сот, тараптар арасында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету туралы келісім жасалғанын анықтады, оның шарттары бойынша жауапкерге «есеп және аудит» мамандығын алу үшін «Политехникалық колледж» МҚКК-де тегін оқу ұсынылған.

Сот мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арызды қанағаттандырды

07/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында аз. В-ның «Б» ЖШС-на мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот, тараптар арасында пәтерді меншікке тапсыру-қабылдау шарты жасалғанын, оның шарттары бойынша жауапкер  талап қоюшыға даулы пәтерді талап қоюшыға бергенін анықтады.

Пәтер талап қоюшыға берілген, ол оны өз иелігінде қолдануда, алайда мүлікке тыйым салынған.