Архив событий

18/07/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

18/07/2016

2016 жылғы 18 шілдеде Астана қаласының Есіл аудандық сотында кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуымен соттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша семинар сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі А.К. Сұлтанова қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды атап өтті.

Сот жалақы бойынша қарызды өндірді

18/07/2016

Сарыарқа аудандық сотында аз. Ж-ның «Қазақ инженерлік-техникалық академиясы» мекемесіне қатысты жалақыны өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот, талапкердің 2015 жылы есепші қызметінде жұмысқа алынғанын анықтады. Алайда, талапкерге 2015 жылғы қыркүйектен 2016 жылдың қаңтар айы аралығында жалақысы төленбеген.

Сот талапкердің пайдасына мекемеден 452288 теңге мөлшерінде жалақыны өндіріп алды.

Шешім заңды күшіне енді.

Сот мүлікті тыйым салудан босатты

18/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа соты аз. И-дің «Қазақстандық  инвестициялық құрылыс компаниясы Казстройинвест» ЖШС-қа, «Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-ға, «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ-ға, «Астана Су Арнасы» МКК-ға, Жеке сот орындаушыларының аймақтық  алқасына, «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласының Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменті» ММ-ға,  аз.Ш-ға, аз.И-ға, аз.Б-ға қатысты мүлікті тыйым салудан босату және өсімпұлды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот ұйғарымын мәжбүрлеп орындау туралы талап арыз қанағаттандырды

18/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының тұрғын үй инпекциясы басқармасы» ММ-нің «С» ЖШС-на қатысты ұйғарымын мәжбүрлеп орындау туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот,  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарын, көппәтерлі тұрғын үй қасбетінің техникалық жағдайына қатысты кондоминиум нысанының жалпы мүлік мазмұны ережесін қадағалау бойынша талапкер арқылы «С» ЖШС-ның қызметін жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін анықтады.

Сот жекекәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың теріс пиғылды қатысушысы деп таныды

18/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі» ММ-нің «Д» ЖК-ге  мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануы туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында жауапкер мен талапкер арасында 20.04.2016 жылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды. 

Мемлекеттік сатып алу туралы дау

18/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ-нің Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Әскери бөлімінің біріне және жеке кәсіпкер «Н»-ға мемлекеттік сатып алудың теріс пиғылды қатысушысы деп тануы туралы талап арыз бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында жүргізілген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша талапкер мен жауапкер арасында тауарды жеткізу туралы шарт жасалғаны анықталды.

Сот мәміленің жарамсыздығын мойындау туралы талап арыздан бас тартты

18/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қаласы әкімшілігінің «Жылу» ШЖҚ РМК-ның «№ 20 ОМ» ММ-ге мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасамай жауапкердің мекен-жайына отынын жеткізгенін айтып өз талабын дәлелдеді. Бұл іс-әрекет дизель отының қолда бары мен шығынын салыстырып тексеру актісімен расталды.

Жауапкер дизельді отынның алынбағанын, тек жылу энергиясын беру бойынша қызмет көрсетілгенін көрсетті.

Сот медиациялық келісімді бекітті

18/07/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А» АҚ-ның «К» ЖК-ге қатысты  қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.