Архив событий

11/07/2016

Автомобилді айдап әкету туралы қылмыстық іс тәртібінде медиация қысқартылды

11/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлімі бойынша (Айдап әкету) С-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот 2016 жылғы 9 мамырда сотталушы С. көлік жуу орталығында өзінің танысы В-мен алкогольдік масаң күйде, соңғының көлік құралын пайдалануға және иеленуге құқығы болмастан, автокөлікті айдап әкеткенін, одан кейін темір шамды бағанға соқтығысуға жол бергенін анықтады.

Сот отырысы барысында тараптар жанжалды реттеу туралы келісімге қол жеткізілген.

Сот жеңілдетілген тәртіппен қарыз соммасын өндірді

11/07/2016

Астана қаласы Алматы аудандық сотымен  аз.С-тің азамат А-ға қарызды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкердің талаптары жауапкердің қолхат бойынша белгілі мерзімге дейін, 1392300 теңге көлемінде қарыз алғанымен дәлелденді, алайда жауапкер жалға алу төлемақысы бойынша міндеттемесін орындамаған.

Талап арыз істі жеңілдетілген тәртіппен қарау туралы сот ұйғарымымен өндіріске қабылданған, жауапкерге талап арызға пікір келтіру үшін мерзім берілген. 

Есірткі құралдарын сақтағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру

11/07/2016

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлімі, 297-бабының 3-бөлімі, 296-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа берілген С-қа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот 2016 жылғы 19 наурызда «Г.» деген шартты сатып алушыға заңсыз сақталған ірі көлемдегі салмағы 232,2509 грамм есірткі құралы «кептірілген марихуананы» өткізгенін анықтады.

Адамның конституциялық құқығы

11/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында сот мамандары мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарының қатысуымен «Адамның конституциялық құқығы» атты тақырыпта семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабағы шеңберінде бас маман К.Әбілмажинова баяндамамен сөз сөйледі, ол Конституцияның негізгі қағидаларын және адамның конституциялық құқықтарын атап өтті.

Ұрлық жасағаны үшін жауаптылық

11/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлімі бойынша айыпталушы О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында 2015 жылғы 27 ақпанда сотталушы  О. жалған алған пәтерінде аз.И-ге тиесілі «Самсунг» маркалы ноутбукті ұрлаған.

Сот, іс материалдарын зерделей отырып, О-ны кінәлі деп таныды және оған мүлкін тәркілеусіз 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады.

Сот О-ға қатысты пробациялық бақылау белгіледі.

Көрiнеу жалған сөз жеткiзу үшін сотталды

11/07/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты сотталушы Д-ға қатысты ҚР ҚК-тің 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық істі қарады.

Сотталушы Д. депозиттық есеп шотынан отбасы мүшелеріне хабарламай, ақша қаражатын шешіп алып, өз керегіне жаратқаны сотпен анықталды.

Алайда, сотталушы Д. өз ата-анасынан қорқып, Жедел Басқарма Орталығының «102» қызмет каналына хабарласып, өзіне қатысты «тонау» қылмысы жасалғаны туралы көрінеу жалған хабарлама берген.

Мемлекеттік органдар арасында шағын футбол ойыны бойынша турнир өткізілді

11/07/2016

2016 жылғы 9 шілдеде Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы А.С. Жүкеновтің бастамашылығымен Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасында Астана күнін мерекелеуге арналған шағын футбол ойыны бойынша турнир өткізілді.

Іс-шараға Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің, прокуратураның, Ішкі істер басқармасының, Мемлекеттік кіріс басқармасының, Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері қатысты.