Архив событий

14/07/2016

Сарыарқа аудандық соты үздік сот отырысы хатшысын анықтады

14/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында өткен конкурсты  қорытындылай келе, айдың үздік сот отырысы хатшысы анықталды.

Сайысты ұйымдастырушы – төраға А. Жүкеновтің  пікірінше, сайысты өткізудің басты мақсаты  сот отырысы хатшысының кәсібилігін, бастамашылдығын арттыру, сот билігінің беделін нығайта түсу, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберліліктерін үздіксіз жетілдіруге ынталандыру болып табылған.

Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзғаны үшін айыппұл

14/07/2016

Астана қаласы мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік сотында «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 189-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот, 2016 жылғы 05 сәуірде А-ның «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на жылу энергиясын шығындау жөніндегі ақпаратты ұсыну туралы жазбаша өтінішпен жүгінгенін, алайда жауап 20 күнге мерзімі бұзыла отырып берілгенін анықтады.

Сот қаулысымен «Астанаэнергосбыт» ЖШС әкімшілік жауаптылыққа тартылды және оған 60 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.