Архив событий

25/07/2016

Сот Air Astana тұтынушысынан сомманы өндіріп алды

25/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында "Эйр Астана" АҚ-ның азамат И-ға қатысты соманы өндіріп алу туралы жеңілдетілген іс жүргізудегі азаматтық іс қаралды.

Сот,  2014 жылғы жауапкер мен талапкердің араларында Астана-Шымкент-Астана әуе сапарына билет сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды. Бұл ретте жауапкердің билеттерді өзіне тиесілі емес төлем картішкесімен төлегені анықталып, соның салдарынан талапкердің шотынан авиабилеттер сомасы ұсталған.  

«Есіл» сауда үйінде жасалған ұрлық

25/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы З-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот талқылауының барысында 2016 жылғы 26 маусымда сотталушы З. «Есіл» сауда үйінде, жәбірленуші А-ға тиесілі «Самсунг С6 Эйдж» ұялы телефонын жасырын ұрлағаны анықталды.

Сот отырысы барысында тараптар дауды реттеу туралы бітімгершілік келісім жасады.

Есірткі заттарын сақтағаны үшін 60 сағаттық қоғамдық жұмыс

25/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот, 2016 жылғы 19 маусымда әскери бөлімнің қызметкері кіші сержант Д-ның сотталушы М-ды ұстағанын және Алматы ауданының ІІБ-не жеткізгенін анықтаған, ол өз еркімен полиция қызметкерлеріне өсімдік тексес сұр-жасыл зат бар полиэтиленді ораманы берген.  

Сарапшының қорытындысы бойынша бұл зат жалпы салмағы 0,7777 гр. кептілірген марихуана болып табылады.

Сот кабинеті – электрондық-ақпараттық сервис

25/07/2016

Бүгін Астана қаласының Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті –электрондық-ақпараттық қызмет көрсету» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға сот судьясы А.Исаева, сот мамандар және АҚ «Consumer s advokate» өкілі Г.А.Быковец қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында А.Исаева, «Сот кабинеті»  – ол өз кезегінде сот органдарының онлайн қызмет көрсетуіне рұқсат берудің бірыңғай терезесі, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған деп атап өтті.

Астана қалалық сотының төрағасы интернет-конференция өткізеді

25/07/2016

2016 жылғы 29 шілде айында сағат 10.00 мен 17.00 аралығында қала азаматтары үшін сот жүйесі қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі және айқындылығы қағидасын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев интернет-конференция өткізеді.

Конференция барысында мынадай мәселелер қарастырылатын болады:

Балалардың мекенжайларын белгілеу туралы дауы медиация тәртібімен реттелді

25/07/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Р-дың азамат А-ға қатысты кәмелетке толмаған балалар И. мен З-ның тұрғылықты орындарын және қатынасу тәртібін белгілеу туралы келісім тәртібін орындау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Заңды өкілдің жауаптылығы

25/07/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі бойынша К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот, 2016 жылғы 06 мамырда шамамен 23 сағат 17 минутта кәмелетке толмаған В-ның анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша бұрыңғы жазасының барына қарамастан тәуліктің түнгі уақытында анасы К-ге қайталап заңды өкілінің ілесіп жүруінсіз жүргенін анықтаған. 

Ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл

25/07/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот, кәмелетке толмаған П-ның анасы баласына қатысты тәрбие мен оқу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағанын анықтады.

Сот қаулысымен Г. әкімшілік жауаптылыққа тартылды және 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.