Архив событий

08/07/2016

Астана қаласы Алматы аудандық сотында 2016 жылдың І жартыжылдығының жұмыс қорытындылары бойынша жиын өтті

08/07/2016

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотында сот төрағасы Ғ.Нәсірдіновтің, сот судьялары және мамандарының қатысуымен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындылары бойынша жиын өтті. 

Сот төрағасы Ғ.Нәсірдінов сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы мен  сот жұмысының нәтижелері туралы айтты.

Ұрлыққа қатысты іс бойынша жақтар татуласты

08/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған М. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында, сотталушы М. 27 мамыр 2016 жылы Астана қаласындағы «Шапағат» СҮ аялдамасының жанында жәбірленуші Н-ң ұялы телефонын көріп, оны жасырын ұрлаған.

Сот қаулысымен қылмыстық іс жәбірленушінің шығыннын орнын толтырылуына байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Шекарадан тыс шығарып жіберу

08/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК 393-бабымен айыпталған Р. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында, сотталушы Р. Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, соттың Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс шығарып жіберу туралы 17 ақпан 2016 жылғы шешімін орындамағаны анықталды.

Сот үкімімен Р. кінәлі деп танылып, аталған бап бойынша 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару арқылы 53 025 теңге айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Зорлық-зомбылық қолдана отырып тонау

08/07/2016

Астана қаласы № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталушы Ч-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот, сотталушы Ч. жеке басы анықталмаған адаммен бірге жәбірленуші К-ның пәтеріне заңсыз басып кіріп, соңғысына жұдырықпен соққы келтіріп,  оның ақшалай қаражатын және ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Сот, іс материалдарын зерттеп, Ч-ны кінәлі деп таныды және оған қылмыстық жолмен тапқан қаражатына, не қылмыстық жолмен алған мүлкін тәркілей отырып, 3 жылға бас босатндығынан айырды.