Архив событий

21/07/2016

Қоғамдық көлікте орын алған ұрлық

21/07/2016

Астана қаласы Есіл ауданының  № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  бұрын бірнеше рет бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған сотталушы М. 2016 жылғы 17 маусымда  № 51 маршруттық автобустың ішінде,  жәбірленуші С- ға тиесілі жеке заттарын ұрлаған.

Сотта істі қарау барысында тараптар дауды реттеу туралы бітімгершілік келісім жасады, осыған байланысты М-ға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Сот мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзды

21/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Мемлекеттік сараптама» РМК-ның «K» ЖШС-мен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

 Сот отырысында, 2015 жылдың желтоқсан айында тараптар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны, оған сәйкес өнім беруші тауарды өтінімді алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жеткізуге міндеттенгені, алайда міндеттемені орындамағаны анықталды.

Сот шетел азаматын шекарадан тыс шығарып жіберді

21/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 393-бабымен айыпталған Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында Өзбекстан Республикасының азаматы Д-ның 2016 жылғы 26 қаңтарда оған қатысты Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығарып жіберу туралы шешімін орындамағанын анықтады. 

Сот үкімімен Д. кінәлі деп танылды және оған Қазақстан Республикасы аумағынан тыс 5 жыл мерзімге шығарып жіберу және 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сату және сақтау

21/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының  № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша айыпталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот, қарап-тексеру кезінде сотталушы А-дан салмағы 2,7296 гр. болатын есірткі заты – героин табылғанын, ол аса ірі мөлшерде өзі пайдалану үшін сату мақсатынсыз сақтағанын анықтаған.

Сот үкімімен А. кінәлі деп танылды және оған 3 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сот жеке кәсіпкерді ақауы бар тауарды ауыстыруға міндеттеді

21/07/2016

Астана қаласы мамандандырылған экономикалық соты «Астана Опера» «Мемлекеттік опера және балет театры» Астана Опера» АҚ-ның «Т» ЖК-ге тауарды ауыстыруға мәжбүрлеу туралы азаматтық істі қарады.

Сот, 2015 жылғы 15 желтоқсанда тараптар мемлекеттік сатып алу туралы электрондық сатып алу туралы электрондық шартын жасағанын анықтады, оның шарты бойынша өнім беруші 110 данада қыздыру шамдарын жеткізуге міндеттелгенін анықталды.

Сот ЖШС-ны банкрот деп тану туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

21/07/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соты "Қ" ЖШС-ның «Ц» ЖШС-ын банкрот деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Сот отырысы барысында, тараптар араларында өнім беру туралы шарт жасалғаны, оның шарты бойынша "Қ" ЖШС туарды белгіленген мерзім ішінде ұсынғаны, алайда «Ц» ЖШС уақтылы  төлемақы жасамағаны анықталды.

Билік өкілін балағаттау

21/07/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық соты ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Х-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот отырысында, Х-ның Моңғолия Республикасының азаматы бола тұрып, алкогольдік масаң күйде өз қызметтік міндеттерін атқару үстінде жүрген полиция қызметкерінің атына балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сот үкімімен Х. кінәлі деп танылды және оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.