Архив событий

29/07/2016

Астана қаласы ЕЦ-166/1, ЕЦ -166/10 мекемесінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

29/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында сот төрағасының және судьялардың,  Астана қаласы  ЕЦ-166/1, ЕЦ -166/10 мекемесі өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында соттар мен ЕЦ мекемелері араларында бейнеконферецбайланыстарын қолдану бойынша өзекті мәселелерін талқылады.

Одан басқа қатысушылар соттың осы мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасууларын жақсарту бойынша мәселелерді талқыға алды.

Автомобильді масаң күйінде басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылық

29/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот, 2016 жылғы 16 маусымда  Астана қаласы ІІД ЖПП полкінің қызметкерлері Астана қаласындағы «Кинг отель» қонақ үйіне қарама-қарсы жерде автокөлік жүргізу құқығынан айырылған, автомобильді масаң күйінде жүргізген азамат Д-ны ұстағанын анықтады.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық

29/07/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталушы Ш., Д. және К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауының барысында 2016 жылғы 23 ақпанда «Г» ЖШС бас инженері Ш., бас энергетик К. және учаске бастығы Д. араларында, ұйымдастырушылықтың және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтауына тиісті өндірістік бақылаудың жоқ болуынан қайғылы жағдай орын алғаны, ол «L» ЖШС  бетон құюшысы  Б-ның өліміне әкеп соққаны анықталды.