Сот берешекті өндіріп алу туралы талап арызды жартылай қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Түзету мекемесінің «Еңбек-Өскемен» ӨШЖ-дегі РМК-ның «К» ЖШС-не қатысты берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысы барысында тараптар арасында шарт жасалғаны, оған сәйкес жауапкер «ШҚО, Жармин ауданы, Солнечный кентінде 64-пәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеуі» нысанында құрылыс-монтаж жұмысын орындау бойынша міндеттерді тапсыратыны, ал талапкер оны қабылдайтыны анықталды.

Талапкер шарт бойынша міндеттемелерді орындаған, алайда жауапкер атқарылған жұмысы үшін толық көлемде төлемді жүргізбеген.

Істің материалдарын зерттей отырып, сот жауапкерден негізгі борыш сомасын өндіріп алу бөлігінде талап арыз талабын қанағаттандырды, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу бөлігінде бас тартты.

Шешім заңды күшіне енді.  

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі