Сарыарқа аудандық сотында сақтандыру заңнамасын қолдану тәжірибесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «Сақтандыру заңнамасын қолдана отырып дауларды қараудағы сот тәжірибесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, Астана қаласындағы сақтандыру компанияларының өкілдері және «Прогресс-Консалтинг» ЖШС сарапшылары қатысты.

Кездесудің модераторы судья К.Әріпов атап өткендей, қазіргі уақытта сақтандыру туралы сұрақ қоғамда өте өзекті. Өйткені, әрбір адамның іс-әрекеті тәуекелмен байланысты. Сондықтан, адамдар қауіп-қатерден, өзінің денсаулығын қорғауға әрдайым ұмтылады.

Сондай-ақ, судья, сотта сараптама қорытындысы дәлел ретінде белгілі бір ерекшелікке ие екендігін айтып өтті. Сарапшының уақытылы және дұрыс қорытындысы азаматтық істерді қысқа мерзімде қарауға және шешуге әсер етеді.

Қатысушылар сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерiн, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жағдайларын талқылады.

Сонымен бірге, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасымен көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы қаулы қабылданғаны айтылды.

Шара соңында қатысушылар тілек білдіріп, өз ойларымен бөлісті.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі