Мүлiкті тыйым салудан босатумен байланысты даулар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мүлікті тыйым салудан босату туралы дауларды қараудағы ерекшеліктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары, Астана қаласы Әділет Департаменті мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау аумақтық бөлімінің сот орындаушысы, Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің борыштармен жұмыс басқармасы мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы, Астана қаласы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мәжбүрлеп өндіру бөлімінің басшысы, сонымен бірге «Адам және тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы - Атакент» қоғамдық бірлестігі директоры қатысты.

Жұмыс барысында судья Ш.Т.Даниярова баяндама оқып, мүлікті тыйым салудан босату, кредитор немесе мемлекет алдында  ешқандай  міндеттемелері жоқ тұлғаның мүліктік құқығын қорғау болып табылады деп атап өтті.

 «Сот тәжірибесі аталған санаттағы істерді қарау кезінде күрделі мәселелердің жоқ екендігін көрсетті»,- деп судья Ш.Даниярова өз сөзін қорытындылады.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі