Мүлікті тыйым салудан босату туралы азаматтық істерді қарастыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Меншік құқығын қорғау заңмен көзделген бірқатар тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі ретінде мүлікті тыйым салудан

босату туралы талап болып келеді.

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында  «дөңгелек үстел» жұмысына  сот судьялары, Астана қаласы Әділет департаментінің аумақтық есепке алу бөлімі және тыйым салынған мүлік бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің, Астана қаласы Сарыарқа ауданды бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеуші заңды тұлғалармен жұмыс бөлімі қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар және ірі құрылыс компаниялары жиналды.

Қатысушылар мүлікті тыйым салудан босату туралы азаматтық істерді қарастыру кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында жемісті талқылаулар мен пікірталастар болып, құқық қолдану бойынша өзекті мәселелер талқыланды және өзара іс-қимыл тетіктері әзірленді.

Кездесу соңында судьялар, көп жағдайда уәкілетті органдармен ауыртпалықтарды тіркеу және оларды шығару кезінде проблемалар туындайтындығын атап өтті, себебі құрылыс салушының кінәсінен мүліктеріне тыйым салынған азаматтар сотқа бірнеше рет жаңа салынған ауыртпалықтар салдарынан қайта арыздануға мәжбүр.

Талқылаудың нәтижесі бойынша қатысушылар пікірлерімен алмасып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі