Кісі өлтірудегі қылмыстық жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында К-ге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот, 2016 жылғы  22 мамырда сотталушы К. Астана қаласының үйлерінің біріндегі  жалға алынған бөлмеде болып, жәбірленуші А-мен сөзге келгенін, ары қарай төбелеске айналғанын анықтады.

Сотталушы К. жәбірленуші А-ның мойын тусына ас пышағымен соққы жасап, оның салдарынан соңғысы қаза тапты.

Сот үкімімен К. ерекше режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының Баспасөз қызметі