«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» статистикалық жинағының тұсаукесері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2 маусым 2017 жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотының төрағасы Н.Р. Раззақ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірге «Қазақстан балалары»  атты статистикалық жинағының тұсаукесеріне қатысты.

 «Қазақстан балалары» статистикалық жинағы - онда келтірілген мәліметтердің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Тұңғыш рет жас-жыныс белгісі және Қазақстан облыстары бойынша бөлініспен келтірілген балалар туралы әртүрлі мәліметтер бір құжатта топтастырылған. Бұл ретте, статистика карталары және графиктер көмегімен көрнекі түрде көрсетілген, аталмыш карталар және графиктер арқылы қазақстандық балалардың өміріне қатысты әртүрлі тұстар бойынша көрсеткіштердің өзгеру-құбылу үдерісін оңай бақылауға болады.

Кездесу қатысушылары атап өткендей, жинақта балалар туралы, олардың аман-саулығы, қажеттіліктері мен ерекшеліктері туралы толық, әрі жан-жақты көрініс тапқан.Үкімет, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар балаларға қатысты саясаттарды жоспарлау барысында сенімді сандарға сүйеніп, тиісінше үйлестіре алады. Осы жылнаманың көмегімен балалардың құқықтарының сақталуына қатысты жағдайдың жақсаруын қадағалап отыруға және жағымсыз үрдістерді анықтап отыруға болады.

Қорытындысында  ЮНИСЕФ Балалар Қорының өкілі Ю.В. Оксамитный, жинақ туралы ақпарат тарату, адамдарды ұсынылған статистиканы пайдалануға үйрету және жеткен жетістігімізбен шектеліп қалмау – балалар туралы мәліметтерді жинау, қамту және талдау әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажеттілігі туралы айтты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі