Автомобилді айдап әкету туралы қылмыстық іс тәртібінде медиация қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлімі бойынша (Айдап әкету) С-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот 2016 жылғы 9 мамырда сотталушы С. көлік жуу орталығында өзінің танысы В-мен алкогольдік масаң күйде, соңғының көлік құралын пайдалануға және иеленуге құқығы болмастан, автокөлікті айдап әкеткенін, одан кейін темір шамды бағанға соқтығысуға жол бергенін анықтады.

Сот отырысы барысында тараптар жанжалды реттеу туралы келісімге қол жеткізілген.

Сот, іс материалдарын зертей келе, тараптардың татуласуына және келтірілген зиянның орнын толтыруына байланысты С-қа қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының Баспасөз қызметі