Астана қалалық сотының төрағасының интернет-конференциясы өтеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 31 мамырда сағат 10.00 мен 17.00 аралығында қала азаматтары үшін сот жүйесі қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі және айқындылығы қағидасын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық сотының төрағасы  Т.Бәрпібаев  интернет-конференция өткізеді.

Конференция барысында мынадай мәселелер қарастырылатын болады:

- Астана қалалық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың қызметі;

- жеке және заңды тұлғалардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мәселесі бойынша;

- сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелері бойынша;

- сот жүйесінің электрондық-ақпараттық сервистерін пайдалану;

- кадрлық саясат.

Астана қаласы соттарының қызметіне қатысты барлық сұрақтар мен  өтініштерді азаматтар Астана қалалық сотының ресми сайтының http://astana.sud.kz/rus/node/add/question  сілтемесіне жібере алады.

Барлық сұрақтар мен өтініштерге жауаптар сол күні Астана қалалық сотының интернет – ресурсында орналастырылатын болады.

Астана қалалық соты барлық мүдделі тұлғаларды шақырады.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі